"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы"

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 10 тамыздағы N 1147 бұйрығы.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 қыркүйекту тіркелді. Тіркеу N 1642. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

      Ақмола облысының коммуналдық шаруашылығының қысқы жағдайлардағы жұмысқа уақытылы дайындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ақмола облысының әкіміне коммуналдық меншіктегі жылу көздерінің, жылу жолдары мен су құбырларының-канализациялық желілерінің авариялық жай-күйіне және оларды жөндеуге байланысты жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жылумен жабдықтаушы ұйымдар үшін отын сатып алуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 100000000 (жүз миллион) теңге бөлінсін.

 

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 442          

              қаулысымен. 


P020442_
 


     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асыруды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.