"Әлеуметтік салықты есептеу мен бюджетке төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің N 46 Нұсқаулығына Өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы

Мемлекеттік кіріс Министрінің 2001 жылғы 24 мамырдағы N 660 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1583. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі 2001 жылғы 28-29 мамырда Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз

 

Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық)

тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін

өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2001 жылға арналған

республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген

қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.