Білім ұйымдарында эксперимент есебінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тексеру және енгізу тәртібінің Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 маусымдағы тіркелді. Тіркеу N 1539. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 58 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.02.21 № 58 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Z990389_ Заңының 18 бабына сәйкесті ереженiң жүзеге асырылуы үшiн, білім ұйымдарының инновациялық белсендiлiгiн дамытып және экспериментальдік қызметін реттеу мақсатында
 
                               БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қоса беріліп отырған Білім ұйымдарында эксперимент есебінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тексеру және енгізу тәртібі туралы ережелері бекітілсін.
     2. Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.

     Министр

     ҰСЫНАДЫ:                                    КЕЛІСІЛДІ:

     Жоғары білім және орта                  Бірінші вице-Министр
     кәсіптік білім департаменті

     02 сәуірде 2001 ж.                     "09" сәуірде 2001 ж.

                                             Вице-Министр

                                             "06" сәуірде 2001 ж.

                                             Бюджет, жоспарлау және
                                             қаржы департаменті
                                             "05" сәуірде 2001 ж.

                                             Орта жалпы және бастауыш
                                             кәсіптік білім
                                             департаменті

                                             "04" сәуірде 2001 ж.

                                             Құқықтық қамтамасыз
                                             ету басқармасы

                                             "03" сәуірде 2001 ж.

                                             Ұйымдастыру-бақылау
                                             жұмысының басқармасы

                                             "03" сәуірде 2001 ж.

                                             Қазақстан Республикасы
                                             Бiлiм және ғылым                                                       министрлiгiнiң                                                        10 сәуiр 2001 жылғы
                                             N 240 бұйрығымен
                                             бекiтiлдi

Бiлiм ұйымдарында эксперимент есебiнде
жүзеге асырылатын білiм беру бағдарламаларын
әзiрлеу, тексеру және енгiзу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕЛЕР

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білiм ұйымдарында эксперимент есебiнде жүзеге асырылатын бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу, тексеру және енгiзу ережелерi (әрi қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Z990389_ Заңының 18 бабына сәйкес әзiрленген және білiм беру Бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған бiлiм ұйымының эксперимент есебiнде мақсаты мен мiндеттерi, мазмұны, құру шарты мен тәртiбiн айқындайды (әрi қарай - экспериментальдiк бағдарлама).
      2. Экспериментальдiк бағдарламаларының мақсаты ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң дамытылуы және жетілдiруi, ғылыми, педагогикалық, құқықтық, қаржы-экономикалық, кадрлық және материалдық-техникалық мәселелердiң алдын-ала шешiлiп қамтамасыз етілуi болып табылады.
      3. Экспериментальдiк бағдарламаларының мiндеттерi:
      1) білiм ұйымдарының инновациялық қызметiн тәртiптеу және жүйелеу;
      2) бiлiм алушы және тәрбиеленушi тұлғаның дамуын, оның өздік даму, өз-өзiн анықтау және өз бетiмен бiлiмiн көтеру қабiлетiн қамтамасыз ететiн жаңа білiм беру бағдарламалары мен технологияларын әзiрлеу, апробациялау және оқыту мен тәрбиелеу прогрессивтi нысандарын, әдiстерiн, тәсілдерiн, құралдарын енгiзу;
      3) болжау тұжырымдамалық көзқарас пен балама жүйелердi және демократиялық, адамгершілiк және гуманитарлық бiлiм үлгiлерiн қалыптастыру болып табылады.
      4. Экспериментальдiк бағдарлама:
      1) Қазақстанның білiм беру-ақпараттық, ғылыми, әлеуметтiк-мәдени кеңiстiгiн қамтамасыз ету үшiн әзiрленген мәселелердiң маңыздылығымен;
      2) бiлiмнiң мазмұнын жаңарту және жаңғырту, бiлiм беру үрдiсiнiң ұйымдастыру құрылымын (оқыту мен тәрбиелеудiң ұйымдастыру нысандары, әдiстерi, тәсілдерi және құралдар) дамыту және жетiлдiру бойынша мiндеттердi шешуге бағытталған бiлiм беру бағдарламаның авторларының инновациялық қызметімен;
      3) бiлiм алушылардың және тәрбиеленушiлердiң жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықты, қазақстандық отаншылдықты, белсендi азаматтық ұстанымдылықты, әлеуметтiк жауапкершiлiктi қалыптастыруға бағытталуымен айқындалады.
      5. Экспериментальдiк бағдарламаның авторы (авторлары) педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, ғылыми ұжымдар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдары және ведомстволық бағыныстылығына және нысанына қарамастан білiм ұйымдары болып табылады.
      6. Эксперименттiк тәртiп бойынша инновациялық экспериментальдiк бағдарламаны жүзеге асыратын, бiлiм ұйымы (бiлiм ұйымы кешенi), оның құрылымдық бөлiмдерi жұмыс iстей алады.
      7. Эксперименттiк жұмыстың тәртiбi бойынша автор (авторлар) экспериментальдiк бағдарламаға:
      1) оқыту және тәрбиенiң ұйымдастыру құрылымына, мақсатына, мазмұнына;
      2) педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларды қайта кәсiби даярлау нысанына;
      3) бiлiм ұйымының жұмыс iстеу және дамыту тәртiбiнiң, жоспарланған эксперимент бойынша өткiзiлетiнiне;
      4) бiлiм ұйымының басқармашылық жүйесiне өзгерiстер енгiзе алады.
 
                     2. Экспериментальдiк бағдарламаның
               әзiрлеу, тексеру және енгiзу шарты мен тәртiбi
 
      8. Экспериментальдiк бағдарламаны әзiрлеу үшiн автор (авторлар) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (әрi қарай - Министрлiк) жазбаша өтiнiм берiп, оның мазмұнында:
      1) жоспарланған эксперимент өткiзiлетiн бiлiм ұйымының атауы, орны (заңды тұлғалық, нақты мекен-жайы, байланыс телефондары);
      2) экспериментальдiк бағдарламаның қысқаша түйiнiн, оның ұлттық бiлiм жүйесiнiң дамуымен қоғамдық маңыздылығын ғылыми дәлелдеуi;
      3) эксперименттiң бағдарламасы (эксперименттiң негiзгi идеялары, бастапқы теориялық-методологиялық ережелерi, эксперименттiң кезеңдерi мен және әр кезең бойынша болжамдық нәтижелерi, зерттеу әдiстерi, эксперименттi өткiзу үшiн қажеттi жағдайлар, эксперименттiң нәтижесiн растайтын бақылау, мониторинг және қамтамасыз ету құралдары, эксперименттiң бағдарламасын қамтамасыз ету үшiн оқу-әдiстемелiк жұмыстардың тiзiмi);
      4) эксперименттi кадрлық, экономикалық, материалдық-техникалық және ғылыми қамтамасыз ету үшiн алдын ала есеп жасау; қаржы-қаражаттың көздерi көрсетiлуi керек.
      9. Экспериментальдiк бағдарламаның қоғамдық маңыздылығын бағалау үшiн Министрлiк сараптамалық тобын құрастырып, оның құрамын бұйрықпен бекiтедi.
      Сараптамалық топтардың саны экспериментальдiк бағдарламаның мазмұнымен айқындалады. Сараптамалық топтардың құрамын қалыптастыруда экспериментальдiк бағдарламаның авторы (авторлар) мен экспериментальдiк бағдарламалар бойынша Республикалық Кеңес (әрi қарай - Кеңес) қатысады.
      10. Сараптамалық топтардың құрамына Министрлiктiң, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының, басқа ғылыми мекемелердiң, эксперимент өтiп жатқан аумағында бiлiм басқару органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi мен бiлiм ұйымдарының педагогикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басшы қызметкерлерi кiредi.
      11. Экспериментальдiк бағдарламаның сараптамасы кезең сайын бөлiнiп өткiзiледi:
      1) бiрiншi кезеңде ұсынылған сұранымның бастапқы (алғашқы) бағасы берiледi;
      2) екiншi кезеңде сараптаманы өткiзу әдiстемесiмен бiрiншi кезеңдегi мақұлданған сұранымның жобасының сараптамасы берiледi;
      3) үшiншi қорытынды кезеңде қорытынды сараптама берiлiп және әрбiр бағдарламаға берiлген сараптамалық қорытынды ресiмделедi.
      12. Қорытынды кезеңнiң сараптамасының нәтижесi бойынша сараптамалық топпен қорытынды жасалып, оған барлық сараптамалық топтың мүшелерi қол қойып, осы қорытындымен келiспейтiндердiң ерекше пiкiрлерi көрсетiледi.
      13. Кеңес сараптамалық топтарының қорытындыларының негiзiнде, эксперимент жүргiзу үшiн бiлiм ұйымдары-iзденушiлерiн таңдап, Министрлiкке бiлiм ұйымының эксперимент есебiнде жұмыс iстеуiне мүмкiндiктерiнiң барлығын дәлелдей отырып, ұсыныс жасайды.
      14. Министрлiктiң бұйрығымен iзденушi бiлiм ұйымына эксперимент есебiнде жұмыс iстеуге рұқсат берiлiп, эксперименттiң тақырыбы (мәселесi), мерзiмi бекiтiледi.
      15. Егер сараптамалық топ терiс қорытынды берсе экспериментальдiк бағдарламаның авторы (авторлары) оны өңдеп, өтiнiмдi бiр жылдан кейiн қайта бере алады.
      16. Экспериментальдiк бағдарламаның апробация мен енгiзiлуiне эксперимент есебiнде жұмыс iстеуiне рұқсаты бар бiлiм ұйымдарында жүргiзiледi.
 
                    3. Экспериментальдiк бағдарлама бойынша
                 Республикалық кеңесiнiң қызметi мен мiндеттерi
 
      17. Эксперимент бағдарламасын iске асыру мақсатында және эксперимент есебiнде жұмысын қамтамасыз ету үшiн Министрлiктiң бұйрығымен экспериментальдiк бағдарламалар бойынша Республикалық Кеңесiн құрады. Кеңес құрамына Министрлiкке қарасты республикалық ұйымдарының, педагогикалық ассоциацияларының және оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiруi мүмкiн.
      18. Кеңес:
      1) Қазақстан Республикасында бiлiмнiң озық дамуына жәрдемдесетiн

 

экспериментальдiк жұмыстың басым бағыттарын айқындайды;

     2) экспериментальдiк бағдарламаларының негiзгi бағыттары және оларды

экспериментальдiк тексерiсiнiң нәтижелерi бойынша деректер банкiсiн

қалыптастырады;

     3) эксперимент нәтижесiн қолдану механизмiн дайындайды;

     4) өтiп жатқан эксперименттер туралы бiлiм ұйымдарына, барлық мүдделi

тұлғаларға хабарлайды;

     5) Министрлiкке эксперимент бағдарламасының қаржыландыруы туралы

ұсыныс жасайды;

     6) экспериментпен қызмет ететiн бiлiм ұйымдары эксперимент

бағдарламаларын орындау нәтижесiне жылдық есебiне талдау жүргiзедi;

     7) сараптамалық топтардың құрамының қалыптасуына қатысады;

     8) эксперимент жүргiзу үшiн iзденушi-бiлiм ұйымдарын таңдап алады.

     19. Кеңестi төраға басқарады. Төраға жоқ болған жағдайда оның

мiндетiн Кеңес төрағасының орынбасарына жүктеледi.

     20. Кеңес мүшесi сараптамалық топтың құрамына кiре алмайды.

     21. Кеңес өз қызметiнде осы Ереженi басшылыққа алады.

     22. Эксперимент есебiнде жұмыс iстеу үшiн рұқсат алған бiлiм ұйымы

эксперименттiң өтуiне байланысты Кеңес алдында ең кем дегенде жылына бiр

рет есеп бередi.

     23. Эксперимент есебiнде жұмыс iстеу үшiн рұқсат алған бiлiм ұйымының

инновациялық қызметiнiң бағасын Министрлiк жүргiзедi.

     24. Эксперимент есебiнде жұмыс iстеуiне құқығын эксперимент

бағдарламасы аяқталғаннан кейiн айырады да және алдын ала төмендегi

көрсетiлген жағдайларды ескередi:

     1) эксперименттiң терiс нәтиже алғанын;

     2) эксперимент бағдарламасының қаржыландырылмағанын.

     25. Эксперимент есебiнде жұмыс iстеу үшiн рұқсат алған бiлiм ұйымының

құқығынан, айыру туралы шешiмiн Министрлiк қабылдайды.


                4. Эксперимент бағдарламасын қаржыландыру


     26. Эксперимент бағдарламасын қаржыландыру:

     1) демеушiлер, ұйымдар, жеке азаматтар;

     2) жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарының тиiстi бiлiмдi дамыту

қорлары;

     3) бiлiм ұйымдары ақылы бiлiм беру қызметтерден түскен кiрiс

қаржылары арқылы жүзеге асырылады.

     27. Экспериментальдiк алаң мәртебесiн алған бiлiм ұйымы экспериментке

қатысып жүрген бiлiм ұйымдары қызметкерлерiнiң инновациялық iс-әрекетiн

ынталандыру үшiн өздiгiнен еңбек туралы заңдылығына сәйкес еңбек нысаны

мен төлеу жүйесiнiң, жалақы мен лауазымдық жалақының өлшем ақысын және де

қосымша төлем, үстемақы, сыйлық өлшемi және материалдық ынталандыру, басқа

да шараларды бюджеттен тыс қаржыландыру көздерiнен айқындайды.



     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Икебаева Ә.Ж.