Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлігін арттыратын және оларды қайта даярлайтын оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы Ережелердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1211 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1376. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығымен

      Мемлекеттік инвестициялық қызметті одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өндірістерді дамыту, экономиканың нақты секторына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде " Қазақстанның Даму банкі " (бұдан әрі - Банк) жабық акционерлік қоғамын құрсын.
      2. Банк қызметінің негізгі міндеттері:
      1) орта және ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге және жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа өндірістер құруға несие беру және/немесе кепілдік беру;
      2) республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қайтарымды немесе қайтарымсыз негізде іске асырылатын инвестициялық жобалар жөніндегі қаржы агентінің функцияларын орындау болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен: P010004 P050147
      1) Банк қызметінің тұжырымдамасының жобасын бір ай мерзімде әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін;
      2) екі ай мерзімде Банкті құрумен байланысты қажетті заң актілерінің жобаларын әзірлесін;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу және нақтылау кезінде құрылатын Банктің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларды көздесін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.              

       Қазақстан Республикасының
              Президенті
 
      Мамандар:
        Қасымбеков Б.А.
        Багарова Ж.А.