Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 4 қазан N 78 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 қараша N 1280 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мынадай бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 8 қаңтардағы N 3 V980425_ бұйрығына:
      аталған бұйрықпен бекiтiлген Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ережеде:
      1) 3-тармақтағы "дейiн" деген сөз "кейiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 6-тармақтағы "үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 10-тармақтағы "(егер сынақтан өтушi мемлекеттiк нотариуста сынақтан өткен болса) әдiлет басқармасында, не (егер сынақтан өтушi жекеше нотариуста сынақтан өткен болса) нотариалдық палатада тiркеледi" деген сөздер "(егер сынақтан өтушi мемлекеттiк нотариуста сынақтан өткен болса) әдiлет басқармасының бастығымен, не (егер сынақтан өтушi жекеше нотариуста сынақтан өткен болса) нотариалдық палата төрағасымен бұрыштама қойылады және тиiстi журналда тiркеледi." деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 11-тармақ алынып тасталсын;
      5) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Осы Ереженiң талаптары мемлекеттiк нотариустарға және нотариус болып iстеген адамдарға, егер олар бұл қызметте кемiнде алты ай жұмыс iстесе, қолданылмайды.".
      2. Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 13 наурыздағы N 177 V980488_ бұйрығына:
      аталған бұйрықпен бекiтiлген нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар беру тәртiбi туралы Ережеде:
      1) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Лицензиар лицензияны беру туралы мәселенi мынадай құжаттардың негiзiнде қарайды:
      1) лицензия беру туралы өтiнiш;
      2) Әдiлет бiлiктiлiк алқасының бiлiктiлiк емтиханын тапсырған нәтижелерi және ұсынымды тапсырғаны туралы шешiмi;
      3) Лицензиялық алымды төлеу туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
      Бұрын нотариус болып жұмыс iстемеген адам сынақтан өту туралы шарттың көшiрмесiн, бұйрықтың немесе одан сынақтың жетекшiсiн тағайындау туралы үзiндiсiнiң көшiрмесiн және одан өту нәтижелерi туралы қорытындыны қосымша ұсынады.";
      2) 8-тармақтағы "ӘБА-ның ұсынымын алғаннан кейiн" деген сөздер "барлық қажеттi құжаттарымен бiрге өтiнiш берген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "- қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде терiс қылықтары және заңдылықтарды бұзғаны үшiн әдiлет, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, кеден қызметi, салық полициясы, анықтау, тергеу органдарының судьясы, қызметкерi қызметiнен босатылса;
      - осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттарды тапсырмаса;
      - нотариаттық қызмет құқығымен айналысу құқығына лицензиялық алым бермесе.";
      4) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лицензия беруден бас тарту кезiнде өтiнiш иесiне лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелденген жазбаша түрде жауап берiледi.
      Бас тарту туралы шешiм сот тәртiбiмен шағымдана алады.";
      5) 11-тармақ алынып тасталсын;
      6) 13-тармақтағы "жетi" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Тегiн, атын, әкесiнiң атын, төлқұжаттық деректерiн және тұратын жерiн өзгерткен жағдайда нотариус лицензиарға бiр айлық мерзiмде көрсетiлген мәліметтерді растайтын қосымшалармен тиiстi құжаттарды жазбаша хабарлауға мiндеттi."
      8) 15-тармақтағы "Бұл жағдайда жекеше нотариус лицензиясының күшi

оның мемлекеттiк нотариус қызметiмен шұғылдану мерзiмiне тоқтатылады." 
деген сөздер алынып тасталсын.
     3. Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19  

V980450_

  
бұйрығына:
     Аталған бұйрықпен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен айналысуға 
лицензиялар беру тәртiбi туралы ережеде:
     1) ереженiң атауындағы және 1-тармақтағы "айналысуға" деген сөз
"айналысу құқығына" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) 6-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Өтiнiшке:
     1) бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi және ұсыным беру туралы 
Әдiлет бiлiктiлiк алқасының шешiмi;
     2) лицензиялық алым төлеу туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының 
көшiрмесi қоса берiледi.";
     3) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "Лицензия беруден, егер адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 
лицензиялық алым берiлмеген жағдайда, бас тартылады.";
     4) 10-тармақ алынып тасталсын;
     5) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "11. Лицензия беруден бас тарту кезiнде өтiнiш иесiне лицензия беру
үшiн белгiленген мерзiмде дәлелденген жазбаша түрде жауап берiледi.
     Бас тарту туралы шешiм сот тәртiбiмен шағымдана алады.";
     6) 12 және 13-тармақтар алынып тасталсын;
     7) 15-тармақтағы "7" саны "10" санымен ауыстырылсын.
     4. Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 13 наурыздағы N 178  

V980653_

  
бұйрығына:
     аталған бұйрықпен бекiтiлген Жекеше нотариустарды есептiк тiркеу 
тәртiбi туралы ережеде:
     1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-тармақшамен толықтырылсын:
     "6) еңбек кiтапшасы.";
     2) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:


      "11-1. Жекеше нотариусқа оның қызмет аумағын анықтағаннан кейiн аумақтық орган Әдiлет министрлiгiне тiркеуден өткен нотариустың жеке сауал-сұрағын және нотариустың төлқұжаттық деректерi, оның тұрған жерi, тұратын жерi өзгерген жағдайда 40 күн iшiнде қосымша мәліметтерді жiбередi.";
      3) мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
      "13. Аумақтық нотариалды палата мүшесiнен шығарған жағдайда

жекеше нотариус тиiстi әдiлет басқармасының есебiнен шығарылуы тиiс, бұл
туралы есептiк тiркеу кiтабында белгi қойылады.".
     5. Аталған бұйрықпен бекiтiлген Жекеше нотариустарды есептiк
тiркеу тәртiбi туралы Ереженiң N 1 қосымшасы мынадай мазмұндағы
8-тармақпен толықтырылсын:
     "8. Еңбек кiтапшасының көшiрмесiн".
     6. Аталған бұйрықпен бекiтiлген Жекеше нотариустарды есептік
тiркеу тәртiбi туралы Ереженiң N 2 қосымшасы мынадай мазмұндағы 
8-тармақпен толықтырылсын:
     "8. Нотариустың азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыруы 
     ________________________________________".
     шарт қашан және кiммен жасалды
     
     Қазақстан Республикасының
     Әділет министрі
     
     
      Мамандар: 
            Омарбекова А.Т.
            Қасымбеков Б.А.