"Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 100-ө бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 13 қазан N 1265 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 199 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 тамыздағы N 1171 P001171_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-бапта:
      бірінші абзацтағы "65 (алпыс бес) миллион теңге" деген сөздер "58 (елу сегіз) миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "20 (жиырма) миллион теңге" деген сөздер "17 (он жеті) миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "9 (тоғыз) миллион теңге" деген сөздер "7 (жеті) миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы "12 (он екі) миллион теңге" деген сөздер "10 (он) миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне төтенше жағдайды болдырмау мақсатында "Қазселқорғау" мемлекеттік мекемесінің Кіші Алматы өзені бастауындағы Тұйық су тобы көлдерінде су деңгейін қауіпсіз белгіге дейін төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және

 

өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 7 (жеті) миллион теңге

бөлінсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.