2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына N 20 толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 03 тамыздағы N 348 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1217

      Елдің ішкі қажеттерін қамтамасыз ету үшін мазут қорын жасау қажеттігіне, жылу маусымына дайындыққа және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z952368_ 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы аумағынан мазутты (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 710-2710 00 780) әкетуге тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері және Қазақстан

Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мазутпен 
қамтамасыз ету ісінің жай-күйі туралы ай сайын Қазақстан Республикасының 
Үкіметіне хабарлап отырсын.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 

    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.