1. Телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну ережелеріне толықтырулар енгізілсін (Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 бұйрығы):
1) 2.4. тармақ мынадай мазмұнды бесінші абзацпен толықтырылсын - "Қазақстан Республикасының Президенті";
2) 2.5. тармақтың екінші абзацы "санаттағы" сөздерінен кейін және бұдан әрі мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Президенті" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықты заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылсын. 3. "Қазақтелеком" ААҚ президенті (Н.З. Сақыпов), РМПБК бас директоры (Е.Р. Әшкенов), "Қазақстан темір жолы" РМК бас директоры (А.И. Мырзахметов) осы телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну бойынша барлық жұмыс орындарын көрсетілген Ережелердегі толықтырулармен қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Почта және телекоммуникациялар жөніндегі департаментке (А.Қ. Нәсиев) жүктелсін. Министр Оқығандар: Умбетова А.М. Касымбеков Б.А.