Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2012 № 498-ө-м бұйрығымен (01.01.2013 бастап күшіне енеді).
"Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 16 наурыздағы N 408 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын:
1. Мыналар:
1) Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі;
2) Әлеуметтік бейімделу орталығының шамамен алғандағы құрылымы мен қызмет көрсететін қызметкерлерінің штаттық саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі В.М.Ивановқа жүктелсін.
Министрдің | |
міндетін атқарушы |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрі
2000 ж.1.06
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2000 ж. 7.06
Бекітілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 29 бұйрығымен |
Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк
бейiмделу орталықтарының қызметiн ұйымдастыру
ережесi
"Осы Ереже Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 16 наурыздағы N 408 қаулысына сәйкес құрылатын Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының (бұдан әрi - Орталық) қызметiн ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Орталыққа орналастырылған белгiлi тұрағы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген азаматтардың барлық құқықтарын сақтауға кепiлдiк берiледi.
2. Орталықтар белгiлi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ, медициналық және өзге де көмектi, әлеуметтiк еңбекпен бейiмдеудi қажет ететiн адамдардың уақытша болуы үшiн құрылады.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 295-ө бұйрығымен.3. Орталықтың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Орталықтарды құру
4. Орталықтар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады және Жарғының негізінде жұмыс істейді.
5. Орталықтар 100 мың адамнан астам халқы бар қалаларда құрылады. Олар мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық аумақтық органдардың келiсiмi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Орталықтың балансына берген, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға, өртке қарсы талаптар мен техника қауiпсiздiгi нормаларына жауап беретiн үй-жайларда орналасады.
6. Орталықты жалпы басқаруды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жүзеге асырады.
7. Орталықтар өз жұмысын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарымен, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен, өзге де ұйымдармен тығыз байланыста жүргiзедi.
3. Орталықтардың жұмыс iстеуiнiң жағдайы мен тәртiбi
8. Орталық үйiнiң iшiнде:
1) еркектер мен әйелдердi, балалы әйелдердi жеке ұстауға арналған бөлмелер;
2) тамақ дайындауға және iшуге арналған бөлмелер (немесе асхана);
3) әкiмшiлiк, кезекшi, милиция, медицина қызметкерлерiне арналған бөлмелер;
4) жеке заттарын сақтау қоймасы;
5) кiр жуатын орындар, санитарлық бөлмелер;
6) санпропускник, душ қабылдау бөлмелерi, дезакамера;
7) оқшау бөлме болуға тиiс.
9. Қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, қылмыстың және өзге де тәртiп бұзушылықтың алдын алу мен оның жолын кесу мақсатында Орталықта iшкi iстер органдарының күшiмен сөтке бойы полиция қызметi белгiленедi, оның жұмыс iстеу жағдайы мен режимiн iшкi iстер органдары бекiтедi. Полиция постары Орталық әкiмшiлiгiнiң және облыстар мен қалалардың IIБ арасындағы шарттар негiзiнде жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының келiсiмiмен белгiленедi. Полицияның кешендi күшi нарядтарының бағыттары Орталық орналасқан жерге жақын болуға тиiс.
10. Орталық жұмысының режимiн Орталықтың директоры жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының келiсiмi бойынша белгiлейдi.
11. Орталықта тұрудың режимi Орталықтың директоры бекiтетiн iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленедi.
12. Белгiленген ережелердi бұзған жағдайда, қылықтың сипатына қарай кiнәлi адамдарға қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.
13. Орталық ай сайын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне Орталыққа түскен және одан шығарылған адамдардың тұруы туралы әкiмшiлiк белгілейтiн нысанда есептеме ұсынады.
4. Орталыққа қабылдаудың және онда
ұстаудың шарттары
14. Орталыққа адамдарды қабылдау сөтке бойына жүргiзiледi.
15. Орталыққа белгiлi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ адамдар, соның iшiнде осы аталған азаматтар санаттары қатарындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар қабылданады.
Қабылдау жеке өтiнiшi немесе еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, iшкi iстер органдарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және белгiлi тұрағы жоқ адамдар iшкi iстер органдарының жолдамасымен қабылданады.
Жеке басын растайтын құжаттарды ресiмдеудi Орталықтың орналасқан жерiндегi аумақтық iшкi iстер органы азаматтардың жазбаша өтiнiшi немесе Әлеуметтiк бейiмдеу орталығы директорының өтiнiмi бойынша жүзеге асырады.
16. Орталыққа түсетiн әрбiр адам мiндеттi түрде медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден, киiмдерi мен жеке заттарын дезинфекциялаудан өткiзіледi.
17. Мынадай ауруларды:
1) туберкулездiң асқынған сатысындағы;
2) жұқпалы ауруларды;
3) түсу сәтiнде тәртiбiнде науқастың өзiне және айналасындағы адамдарға қауiптi көрiнiс байқалатын психикалық ауруларды;
4) алкогольдiк, есiрткiлiк заттармен мас болған адамдарды Орталыққа қабылдауға болмайды.
18. Жоғарыдағы аурушаңдық белгiлерi бар адамдар денсаулық сақтау, iшкi iстер мекемелерiне жiберілуге тиiс.
19. Орталыққа жiберiлетiн адамдар өзiне өзi қызмет көрсететiндей болуы керек, қоғамдық пайдалы еңбекке, өндiрiстiк шеберханалардағы жұмыстарға, Орталықтың iшi мен аумағын жинастыруға, Орталық үйi мен оның аумағындағы құрылыстарды жөндеуге тартылуы мүмкiн.
5. Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру
20. Орталық белгiлi тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтiк көмектiң мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) түнеп шығу үшiн төсек-жабдықтарымен қоса төсек бередi;
2) тұрмыстық қызмет көрсетедi (жеке заттарын жуу мен өтектеу, аяқ киiмiн тазалау және т.б.);
3) зейнетақыларды, жәрдемақыларды ресiмдеуге, айғақтамасы болған жағдайда мүгедектiк тобын белгiлеуге, қарттар мен мүгедектерге, жүйке ауруларына арналған интернат үйлерiне жiберуге, басқа да әлеуметтiк көмектер көрсетуге жәрдемдеседi;
4) қайырымдылық қорлары, демеушiлер арқылы материалдық көмектер алуына, өздерiне бекiтiлген асханаларда тамақтануға талондар бөлiнуiне жәрдемдеседi.
21. Орталықта тұратын адамдар қайтыс болған жағдайда оларды жерлеудi жерлеу бюросы жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
6. Медициналық көмектi ұйымдастыру
22. Орталық мынадай медициналық көмек көрсетедi:
1) қажеттi алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
2) санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы алдын алу шараларын жүргiзедi;
3) медициналық тексеру, санитарлық өңдеу жүргiзедi;
4) қажет болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарында жедел жәрдем көрсетуге жәрдемдеседi.
7. Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру
23. Орталық еңбек арқылы емдеудi жүргiзедi, ол:
1) Орталық жанынан еңбек ету мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында өндiрiстiк шеберханаларын ашуды;
2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншiк нысанындағы жеке және заңды тұлғалар арқылы қайта оқытуға немесе еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетудi қамтиды.
8. Орталықтарды қаржыландыру
24. Орталықты қаржыландыру жергiлiктi қаражаттың есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерiнен жүзеге асырылады.
Ақша қаражаттарын жұмсау қатаң түрде бекiтiлген сметаға сәйкес
жүзеге асырылады.
25. Бөлiнген қаржы шегiнде Орталықтың шығындар сметасын, құрылымын және штаттық кестесiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтедi.
9. Орталықтардың қызметiн бақылау
26. Орталықтың қызметiн осы Ереженiң талаптарына сәйкес қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметiн бақылау үшiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнiң шешiмiмен әкiмшiлiктiң, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау және iшкi iстер органдарының өкiлдерiнен қамқорлық кеңестерi құрылады.
27. Орталықтың санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдердi сақтауын, мұқтаж адамдарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуiн бақылауды белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады.
28. Бөлiнетiн қаражаттың өз мақсатында пайдаланылуын бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырып отырады.
Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу
орталықтарының үлгi құрылымы мен штаттық саны
____________________________________________________________________
NN ! Лауазымының атауы ! Штат бiрлiгiнiң саны
п/п
____________________________________________________________________
1 Директор 3
2 Бас есепшi 1
3 Әлеуметтiк мәселелер бойынша маман 1
4 Шаруашылық меңгерушiсi 1
5 Кезекшi әкiмшi 3
6 Фельдшер 3
7 Ғимаратқа қызмет көрсетумен
айналысатын жұмыскер (сантехник,
электрик) 1
8 Кiр жуатын машинист 1
9 Дезинфектор 1
10 Тазалаушы-санитар 1
Барлығы: 14
____________________________________________________________________
Ескерту: Асхана болған жағдайда аспазшы мен асхана қызметкерiнiңштат бiрлiгi енгiзiледi.