Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 21 тамыз N 4021. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.11.28. N 271 Жарлығымен. ~U990271

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк басқару органдарын одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3986 U983986_ Жарлығын орындау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Бекiтiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ереже; (1 қосымша)
      2) қызметкерлерiнiң 76 адамдық шектi саны негiзге алынып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымы. (2-қосымша)
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91
               Жарлығымен. U990091_
      2. Қазақстан Республикасының Тұрақты даму жөнiндегi ұлттық кеңесi функциялары мен уәкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне берiле отырып, таратылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiн ұстаудың шығыстарын республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге қажеттi шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

                                                 N 1 қосымша
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Президентiнiң
                                           1998 жылғы 17 тамыздағы
                                              N 4021 Жарлығымен
                                                  бекiтiлген

          Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
             және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                               Мұраты

       Стратегиялық жоспарлар әзiрлеу және мемлекеттiк органдардың оларды iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал ету.

                      1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағыныстағы және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттiк бағдарламалар жасау және iске асыру кезiнде жалпы ұлттық дамудың мемлекеттiк стратегиясын әзiрлеудi, мемлекеттiк органдардың қызметтерiн ведомствоаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi Агенттiк туралы ереженi, сондай-ақ Агенттiктiң құрылымы мен штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша бекiтедi.
      4. Агенттiк - банкте есепшоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi бар заңды тұлға.

             2. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары

      5. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары:
      1) стратегиялық жоспарлау мен бақылау жүйесiн қалыптастыру және жетiлдiру;
      2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiрудiң пәрмендi тетiгiн жасау;
      3) сыртқы көмектi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
      4) бюджет саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
      5) мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру.

               3. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi

      6. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) стратегиялық жоспарлар әзiрлеу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi (5 және одан да көп жылдарға) болжамдарын әзiрлеу;
      3) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру;
      4) стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылуын бақылау және орындалу мониторингiн жүргiзу;
      5) әскери стратегиялық, сыртқы саяси дамудың және iшкi саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу;
      6) бюджет реформасының негiзгi басымдықтарын қалыптастыруға қатысу;
      7) мемлекеттiк басқаруды реформалаудың стратегиясын әзiрлеу;
      8) сыртқы көмек стратегиялық жоспарларын әзiрлеу;
      9) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша басым мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу.

                  4. Агенттiктiң функциялары

      7. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасы экономикасының және әлем экономикасының жай-күйiн талдайды және дамуын болжайды;
      2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлар әзiрлеу жөнiндегi қызметтерiн үйлестiредi;
      3) сыртқы көмектi жоспарлауды жүзеге асырады;
      4) мемлекеттiк басқару мен мемлекеттiк қызметтi реформалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      5) Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметтерiне қатысуымен байланысты мәселелер жөнiнде саясат қалыптастыруына және шет елдермен экономикалық ынтымақтастық жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысады;
      6) мемлекеттiң iшкi саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
      7) стратегиялық жоспарлау мен бақылау саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, оларды Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қалауына енгiзедi;
      8) халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысады;
      9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;
      10) Қазақстан Республикасының әскери-стратегиялық және сыртқы саяси дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысады;
      11) экономиканың стратегиялық маңызды секторларында заңдармен белгiлеген тәртiппен ұлттық компаниялардың байқау кеңестерiнде мемлекет мүдделерiн бiлдiредi;
      12) табиғи монополияға жататын салада немесе экономиканың стратегиялық секторларында жұмыс iстейтiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметтерiне мониторингтi жүзеге асырады;
      13) оған Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi және тапсырмаларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

                    5. Агенттiктiң құқықтары

      8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруда және мiндеттердi атқаруда:
      1) Мемлекет Басшысы мен Республика Үкiметiне елдiң даму стратегиясын әзiрлеу, түзету және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) ел дамуының стратегиялық жоспарларының iске асырылуын бақылауға;
      3) мемлекеттiк органдарға өздерi қабылдаған, Елдiң даму стратегиясы мен стратегиялық жоспарларын iске асыруға кедергi келтiрiп отырған актiлердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың орындауы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, Ұлттық Банкiнен, мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдар мен ұйымдардан өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Агенттiк белгiлеген мерзiмде қажеттi материалдарды сұратып алуға;
      6) өз құзыретi шегiнде шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
      7) мемлекеттiң тұрақты экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау үшiн жетекшi ғалымдар мен мамандарды, соның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандарды қатыстыра отырып ведомствоаралық комиссиялар, жұмыс топтарын және өзге ұйымдық нысандар құруға;
      8) мемлекеттiк органдар үшiн стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiнде есеп берудiң нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеуге;
      9) қызметтерiн экономиканың стратегиялық секторларында жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар өткiзетiн мәжiлiстер мен кеңестерге, соның iшiнде байқау кеңестерi мен басқармаларының мәжiлiстерiне өз құзыретi шегiнде заңдармен белгiленген тәртiппен қатысуға;
      10) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын оларға жүктелген стратегиялық жоспарлардың iс-шараларын орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Жоғарғы Тәртiптiк Кеңеске және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзуге хақылы.

              6. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      9. Агенттiктi Төраға (бұдан әрi - Төраға) басқарады, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      Агенттiктiң Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi алдында дәйектi түрде есеп берiп отырады.
      10. Агенттiк Төрағасының орынбасары - департамент директоры болады, оны Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен. U990091_
      11. Төраға:
      1) Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, оның жүйесiне кiретiн органдар мен ұйымдардың қызметтерiн бақылауды жүзеге асырады;
      2) Агенттiктiң Департаменттерi Директорларының және басқа да жауапты қызметкерлерiнiң уәкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
      3) Агенттiктiң Департаменттерi мен оның қарамағындағы ұйымдардың құрылымы мен олар туралы ережелердi бекiтедi;
      4) Агенттiк қызметкерлерiне лауазымдар тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      5) заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттiктiң мүддесiн бiлдiредi;
      6) өзiнiң құзыретiне жататын басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1999.03.26.
               N 91 Жарлығымен. U990091_
      12. Агенттiк белгiленген тәртiппен өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары атқаруға мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      Агенттiктiң қабылдаған шешiмдерi Агенттiк Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
      13. Агенттiк Төрағасының орынбасары - департамент директоры Төраға орнында болмаған кезде, оның орнын басады, оған Агенттiк Төрағасы жүктеген өзге мiндеттердi атқарады.
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен. U990091_
      14. Агенттiкте Директорлар кеңесi құрылады, оның құрамына лауазымы бойынша Агенттiк Төрағасы (Директорлар кеңесiнiң төрағасы), Төрағаның орынбасары - департаменттер директорлары, сондай-ақ Агенттiк Төрағасының шешiмi бойынша Агенттiктiң басқа жауапты қызметкерлерi кiредi.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен. U990091_
      15. Агенттiк Төрағасының мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктердiң, банктердiң, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын шақыра отырып, Консультативтiк кеңес және басқа да кеңесшi органдар құруға құқы бар.

                                               N 2 қосымша
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Президентiнiң
                                           1998 жылғы 17 тамыздағы
                                             N 4021 Жарлығымен
                                                бекiтiлген

        Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
            және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң
                          ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Стратегиялық жоспарлау және үйлестiру департаментi
     Экономикалық саясат және арнайы бағдарламалар департаментi
     Бюджеттiк бағдарламалар департаментi
     Ұйымдық-ақпараттық жұмыс басқармасы
     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚР Президентiнiң 1999.03.26. N 91 Жарлығымен. U990091_