Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1207 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1207 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат, 1998 ж., № 28, 238-құжат).

      2. "Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 6-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 146-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат).