"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 1473 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамына Стефани фон Фридебург (Stephanie von Friedeburg) (келісім бойынша) енгізілсін;

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі";

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Жули Монако (Julie Monaco) шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев