ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу кезеңдері;
2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс кезеңдері айқындалсын.
2. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "А" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) бағаланатын жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей өткізіледі.
Мемлекеттік органдар "А" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды тоқсанның қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) бағаланатын жылдың есепті тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей (10 желтоқсаннан кешіктірілмей бағалау өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) өткізе алады.
Егер "А" корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан аз болса, оны бағалау өткізілмейді.
6. Әлеуметтік демалыстағы "А" корпусының қызметшілері уәкілетті орган бекіткен "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен "А" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан өтеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) уәкілетті орган бекіткен "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен "А" корпусының қызметшісін оған қатысты қызметті бағалаудың өткізілетіні туралы оны өткізу басталғанға дейін жеті жұмыс күні бұрын хабардар етеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) уәкілетті орган бекіткен "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен "А" корпусының қызметшісін қызметті бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Егер "Б" корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан аз болса, оған бағалау жүргізілмейді.
27. Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусы қызметшілері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан өтеді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен "Б" корпусының қызметшісін қызметті бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.".
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 141 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу кезеңдері
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:
1) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалау;
2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 141 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс кезеңдері
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс (бұдан әрі – конкурс) мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылар құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;
4) конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санатындағы лауазымдар үшін эссе жазу;
5) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
6) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.
Әңгімелесу кезеңінің алдында конкурс Қазақстан Республикасының мәдениет, дене шынықтыру және спорт, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңдарына сәйкес конкурсқа қатысушыларды келісудің қосымша кезеңін қамтиды.