"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және "Қазақстан Республикасында өлім жазасына м

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 126 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша "өтініштерді", "өтініші", "өтініш", "өтінішпен", "өтінішті", "өтініштің", "өтінішке", "өтініштері" деген сөздер тиісінше "өтінішхаттарды", "өтінішхаты", "өтінішхат", "өтінішхатпен", "өтінішхатты", "өтінішхаттың", "өтінішхатқа", "өтінішхаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияны төраға басқарады.

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.

      Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шақырылған адамдар Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға сотталған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты жазаны орындайтын мекеменің әкімшілігі арқылы беріледі.

      Гауптвахтада өтеумен қамауға алуға сотталған адамның (әскери қызметшінің) кешірім жасау туралы өтінішхаты жазасын өтеу орны бойынша әскери полиция органдары арқылы беріледі.

      Бас бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған, шартты түрде сотталған, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы беріледі.

      Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кешірім жасау туралы өтінішхаты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы беріледі.

      Айыппұлға сотталған не жазаны өтеген, не жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам кешірім жасау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Президентінің атына өзі жолдайды.";

      20, 21, 22, 23-тармақтар алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Кешірім жасау туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың куәландырылған көшірмесі;

      1-1) сотталғанның өмірбаян деректері, оның отбасылық жағдайы, бұрынғы соттылығы, сотталғанға бұрын рақымшылық жасау актісін қолдану, сондай-ақ сотталғанның бұрынғы кешірім жасау туралы өтінішхаттарын қарау нәтижелері туралы мәліметтері көрсетілген сауалнама (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адамды қоспағанда);

      2) сотталған адам оларға сәйкес жазасын өтеп жатқан (өтеген) сот актілерінің куәландырылған көшірмелері;

      3) мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының пікірімен бірге кешірім жасау актісін қолданудың орындылығы туралы ұсынуы (жазаны өтеген не жазаны одан әрі өтеуден босатылған, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруға сотталған адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының ұсынуын қоса береді);

      4) мінездеме (кешірім жасау туралы өтінішхатты өзі жолдайтын адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының мінездемесін қоса береді);

      5) денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      5-1) психологиялық мінездеме (мекеменің әкімшілігі қоса береді);

      6) талап арыздары және өтелмеген берешегі туралы анықтама;

      7) сотталған адамның, жазасын өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамның қалауы бойынша, сондай-ақ мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының бастамасы бойынша кешірім жасауды қолдану туралы мәселені қарауда маңызы бар басқа да құжаттар.

      Комиссияның жұмыс органы мекемелер, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан кешiрiм жасау туралы мәселені қарау үшін маңызы бар қосымша материалдарды сұратып ала алады.";

      26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кешірім жасау туралы өтінішхатқа қоса берілген және жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам өзі жолдаған материалдарды нотариат куәландыруға тиіс.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Кешірім жасау туралы жарлықтар қадағалауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, орындалу үшін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне немесе жазаны орындайтын өзге органдарға жіберіледі.

      34. Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасау туралы жарлықтарының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе жазаны орындайтын өзге орталық мемлекеттік органдардың басшылары ұсынады.";

      35-тармақ алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешiрiм жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы № 1251 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 9 ақпандағы
№ 126 Жарлығына
ҚОСЫМША
2-ҚОСЫМШA
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 шілдедегі
№ 140 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ

Бәшімов Марат Советұлы

заң ғылымдарының докторы, профессор, төраға (келісім бойынша)



Комиссия мүшелері:

Лукин Андрей Иванович

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)




Борчашвили Исидор Шамилович

заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Қаудыров Төлеш Ерденұлы

заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Тұрмағамбетова Жемiс Өтегенқызы

"Адам құқығының хартиясы" қорының атқарушы директоры (келісім бойынша).

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.