"Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 108 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ережеде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ұлттық орталық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөрі мен бланкілері, сондай-ақ банк мекемелерінде тиісті шоттары болады.

      Ұлттық орталық өкілдіктерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген бланкілері болады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің міндеттеріне Уәкілдің адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және ілгерілету жөніндегі қызметін қамтамасыз ету жатады.";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқықтары:

      Уәкілдің қызметіне байланысты құжаттарды, материалдар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарынан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан сұрату және алу;

      азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып қабылдауды (бірлескен қабылдауларды) ұйымдастыру;

      Уәкілдің және оның өкілдерінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      Ұлттық орталықтың немесе оның өкілдіктерінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау;";

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін Уәкілдің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеу, заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Уәкіл мен оның өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының жұмыс органдарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысатын өзге де іс-шараларға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар немесе астана мәслихаттары сессияларының жалпы отырыстарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, мемлекеттік органдарда құрылатын алқалы мемлекеттік және өзге де органдардың отырыстарына қатысуын ұйымдастыру;

      4) Уәкілдің Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдарға ұсынуы үшін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасына және оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көрсетілген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына енгізу үшін Уәкілдің ұсыныстарын дайындау;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ұлттық орталықтың басшысын және оның орынбасарларын Уәкіл лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      19-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) актілердің жобаларын:

      шағымдарды қарау қағидаларын;

      Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

      Уәкіл жанындағы сараптама кеңесі туралы ережені;

      ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын;

      алдын алу тұрғысынан бару үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтарды жасақтау қағидаларын;

      алдын алу тұрғысынан бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

      Уәкілдің рәмізі мен туының ережесі мен сипаттамасын;

      Уәкілдің баяндамаларын дайындау және тарату тәртібін;

      Уәкіл өкілдерінің функционалдық міндеттерін әзірлейді және Уәкілдің бекітуіне енгізеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Ұлттық орталықтың регламентін, Ұлттық орталықтың өкілдері туралы ережелерді бекітеді;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) бекітілген құрылымға және штат санының лимитіне сәйкес Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің штат кестесін бекітеді;";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Уәкілдің өкілін Уәкіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      Уәкілдің өкілі бекітілген функционалдық міндеттерге, осы Ережеге, Ұлттық орталықтың тиісті өкілдігі туралы ережеге сәйкес Ұлттық орталық өкілдігінің қызметін басқарады, Уәкілдің тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      24-тармақтың екінші бөлігінің 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Астана қаласы бойынша өкілдігі;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев