Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінін жинағында жариялануға тиіс |
Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуын орта мерзімді перспективада қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереженің 26-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығы;
2) "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 824 Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылғна күніен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022жылғы 15 қыркүйектегі № 1014 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылды – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Мазмұны
1-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының паспорты
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
4-бөлім. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат жүйесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының даму пайымы
5-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
6-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асырудың нысаналы индикаторлары мен күтілетін нәтижелері
1-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының паспорты
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) қазақстандық патриотизм, азаматтық тең құқықтық, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі, "бірлігіміз - әралуандықта" идеясы, ұлттың ұдайы жаңғыруы, сондай-ақ интермәдениеттілік саясаты қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемде табысты модельдердің бірі деп танылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығымен Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблеяға елдегі этносаралық қатынастарды дамыту және нығайту жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру жүктелді.
2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяны конституциялық мәртебесі бар мекеме ретінде айқындап, оның Парламенттегі кепілді өкілдігін қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 370 Жарлығына сәйкес Қазақстан халықтары Ассамблеясының атауы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді.
2008 жылы "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда оның этносаралық қатынастар саласындағы қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы, Ассамблеяның орта мерзімді кезеңге арналған (2011 жылға дейінгі) стратегиясы және Ассамблеяның (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы іске асырылды.
Этносаралық келісімді нығайту саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы ұйымдастырылды.
Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігері біріктірілді.
Этносаралық ахуалға мониторинг жүргізу жүйесі тиімді жұмыс істеуде және осы саладағы алдын алу тетіктері белсенді пайдаланылуда.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ассамблея туралы ереже бекітілді, онда Ассамблеяның және оның қоғамдық құрылымдарының мәртебесі мен өкілеттіктері бекітілді.
2018 жылы оның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Ассамблеяның инфрақұылымы нығайтылды, оның азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік билік органдары жүйесіне интеграциялануы қамтамасыз етілді.
Ассамблея жанында қоғамдық қорлар жұмыс істейді, көпфункциялы веб-портал дамуда, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Ассамблея депозитарийі құрылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2009 жылы Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі құрылды. Еліміздің барлық өңірлерінде жоғары оқу орындарының базасында Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық топтары жұмыс істейді.
Ассамблеяның республикалық журналистер клубы құрылды және өңірлік деңгейде де осындай құрылымдар құрылды.
Еліміздің барлық өңірлерінде Ассамблеяның тиісті: қоғамдық келісім, аналар, медиация кеңестері құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылы Ассамблеяның атқарушы органы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Қоғамдық келісім" РММ) құрылды. Өңірлік деңгейде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің аппараттары жанынан "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - "Қоғамдық келісім" КММ) құрылды.
2020 жылы "Қоғамдық келісім" РММ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қарамағына, өңірлік деңгейде "Қоғамдық келісім" КММ жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат және қоғамдық даму басқармаларының қарамағына берілді.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ведомствосы болып табылатын, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты басқаруды жүзеге асыратын аталған Министрліктің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізетін, мемлекеттік саясатты жетілдірудегі ғылыми көзқарасты және жаңа әдістерді қолдануды қамтамасыз ететін "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС құрылды.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің бірегей элементтері қалыптастырылды.
Біріншіден, мақсатты бағытталған мемлекеттік саясаттың арқасында этностық және діни тиесілілігіне қарамастан, азаматтық тең құқықты іске асырудың тетіктері жасалып, жетілдірілуде.
Екіншіден, Ассамблеяның Төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының кепілі - ел Президенті болып табылатындықтан, Қазақстандағы этностардың өкілдік етуі және мүдделерінің іске асырылуы ең жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады.
Ассамблеяның жоғары органы - оның сессиясының шешімдерін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға тиіс.
Үшіншіден, ел Парламентіндегі этностар мүдделерінің кепілді өкілдігін Қазақстан Республикасы Парламентінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттары қамтамасыз етеді.
Ел Парламентіндегі Ассамблеядан сайланған депутаттар ұлттық заңнаманың этностың тиесілігіне қарамастан, азаматтардың құқықтарын сақтау, этностық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу саласындағы стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан заң жобаларын қарауға белсенді қатысады.
Ассамблеядан сайланған депутаттар этностардың құқықтарына қатысты сауалдарды дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдарға жібереді, этносаралық қатынастар саласын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасайды, Ассамблеяның іс-шараларына қатысады, Ассамблея сессиясы мен Кеңесінің жұмысына қатысады, халық арасында ақпараттық- түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасында жалпыазаматтық қағидаттарға, ортақ рухани-мәдени құндылықтар мен жалпыұлттық тарихи санаға сүйенетін негіз қалыптастырылды.
Бесіншіден, мемлекет Қазақстан этностарының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа жағдай жасады және қолдау көрсетуде.
Қазақстан Республикасының тіл саясаты саласындағы заңнамасы азаматтардың ана тілін қолдану, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдау құқығын көздейді.
Ассамблея еліміздің барлық этностары арасында мемлекеттік тілді дамытуға және дәріптеуге ықпал етеді. Достық үйлерінде этномәдени бірлестіктер жанындағы 174 жексенбілік мектеп бар, онда Қазақстан этностарына мемлекеттік тілді оқыту бойьшша 124 топ жұмыс істейді.
Алтыншыдан, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі азаматтық бастама және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік билік органдарының сындарлы диалогы негізінде дамуда.
Жетіншіден, Қазақстанның қағидаттық ұстанымы этносаралық мәселелермен саяси мақсатта манипуляция жасауға жол бермеуге негізделеді.
Қазақстанда этносаралық қатынастар саласында жалпыға бірдей танылған нормалар енгізілді.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ЕҚЫҰ) қатысушы елдердің 56 тілінде таныстырылды және Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктерінде практика жүзінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарымен, Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығымен, бірқатар елдердің мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарымен ынтымақтастық туралы, Ассамблея мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.
Жалпы елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мен нығайтудың тиімді саяси-құқықтық және институционалдық-басқару жүйесі жұмыс істейді.
"Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС 2020 - 2021 жылдары жүргізген қоғамдық пікірдің әлеуметтанушылық мониторингінің деректері бойынша Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастардағы тұрақтылықтың "негізгі өзегі" 94 % деңгейінде сақталуда. Азаматтарымыздың 88,3 %-ы көпэтностық идеяны қолдайды, Республика халқының 93,7 %-ы басқа этнос өкілдеріне оң көзқараста. Азаматтар тұтастай алғанда этносаралық келісімді сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдайды және мұндай қолдау деңгейі 85,9 %-ды құрайды.
Бұл көрсеткіштер бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделінің жұмыс істеуінің жалпы тиімділігін куәландырады.
Сонымен бірге елдегі этносаралық қатынастардың дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды бөліп көрсеткен жөн.
Сыртқы факторлар арасында XXI ғасырдың жаңа сын-қатерлерін - әлемдік экономиканың құбылмалылығын, геосаяси текетірестің өршуін, қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстардың туындауына этнодіни фактор ықпалының өсуін, көші-қон легінің күшеюін және босқындар санының өсуін атап өту маңызды.
Әлемдегі геосаяси жағдай күрделі болып қалуда және шиеленісуге бейім. Атап айтқанда, әлемнің аса ірі мемлекеттері арасындағы санкциялық текетірестер, өңір елдеріндегі ахуалдың шиеленісуі және Ауғанстаннан босқындар санының өсуі Орталық Азия өңіріндегі халықаралық ахуалдың қалыптасуына келеңсіз ықпалын тигізуде.
Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдеріндегі, оның ішінде әзербайжан-армян және қырғыз-тәжік шекараларындағы оқиғаларға байланысты жекелеген қақтығысты жағдайлар, сондай-ақ Ресей-Украина қарым-қатынасының нашарлау факторы, жекелеген шетелдік саясаткерлердің арандатушылық мәлімдемелері Қазақстандағы этносаралық қатынастарға келеңсіз әсерін тигізуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды кейбір сыртқы күштер Қазақстандағы этносаралық қатынастарды шиеленістіру үшін пайдалануы мүмкін.
Осының бәрі Қазақстан халқының бірлігін, ұйымшылдығын және патриотизмін одан әрі нығайтуды, этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіруді, Ассамблеяның қызметін жандандыруды талап етеді.
Ішкі факторлар арасында мыналарды атап көрсетуге болады:
Елдің этнодемографиялық құрамының өзгеруі
2021 жылғы Халықтың ұлттық санағының алдын ала қорытындыларына сәйкес Қазақстан Республикасында 19 186 015 адам тұрады, олардың ең көбі қазақтар (70,4 %), одан кейін орыстар (15,5 %), одан әрі өзбектер (3,2 %), украиндар (2,0 %), ұйғырлар (1,5 %), немістер (1,2 %), татарлар (1,1 %), әзербайжандар (0,8 %), кәрістер (0,6 %), түріктер (0,5 %), дүнгендер (0,4 %), белорустар (0,4 %), тәжіктер (0,3 %), күрдтер (0,3 %), шешендер (0,2 %), поляктар (0,2 %), қырғыздар (0,2 %), басқа этнос өкілдері 1,4 %-ды құрады.
Айталық соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 3,9 %-ға өсті.
Бұл ретте көші-қонға, халықтың жыныс-жас құрамының өзгеруіне, этностардың ел ішінде орналасуына және әртүрлі өңірлердің этнодемографиялық ерекшелігінің күшеюіне байланысты этноәлеуметтік процестер серпінінің күрделенуі байқалады.
Ақпараттық өріс
Ақпараттық өрісте елдегі этносаралық ахуалдың жай-күйі туралы келеңсіз дүниетанымдық көзқарастардың белгілі бір таралуы байқалады, ол қазақстандық азаматтар арасындағы этносаралық қатынастарға теріс әсер етуі мүмкін.
Елдегі этносаралық татулық пен бірлікті кеңінен жария етумен қатар, "дұшпандық көқарастың", елдегі этносаралық ахуалды теріс түсіндірудің бар екендігі байқалады.
Осы тұрғыда әлеуметтік желілерге жүргізілген контент-талдау олардағы этносаралық дискурстың артқанын көрсетіп отыр.
Саланың түйінді проблемалары ретінде мыналарды айтуға болады:
біріншіден, этносаралық қатынастарды саясиландырудан, сондай-ақ елдегі этносаралық ахуалға сыртқы деструктивті ықпалдан ауық-ауық туындайтьш тәуекелдер;
екіншіден, қазақстандық қоғам этностарының, әсіресе, олар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік-мәдени интеграцияның жеткіліксіз деңгейі;
үшіншіден, ақпараттық ерісте, әсіресе, әлеуметтік желілерде жекелеген этностарға қатысты теріс дүниетанымдық көзқарастардың таратылуы, бұл қоғамдық пікірдің белінуіне және этностар арасында жаңа тосқауылдар мен арақашықтықтың қалыптасуына ықпал етеді;
төртіншіден, этносаралық өзара іс-қимылды нығайтудың түйінді институты ретінде Ассамблеяның және барлық қоғамдық құрылымдардың жұмысын қайта форматтауға және өзектілендіруге әлеуметтік-саяси сұраныстың туындауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы бірлік пен келісім саясаты мәселелері бойынша оның толыққанды ақпараттық жұмысын ұйымдастыру.
Жалпы әлеуметтік-экономикалық, этнодемографиялық дамуда болып жатқан күрделі процестер мен өзгерістер аясында қоғамдағы мәдениет-тіл айырмашылығы жағдайында этносаралық қатынастар мен интеграция саласында мемлекеттік саясатты жүргізудің, халықтың азаматтық бірегейлігін нығайтудың, сондай-ақ Ассамблея қызметін жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдерін одан әрі жаңарту талап етіледі.
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
Этносаралық қатынастар әлеуметтік және халықаралық қатынастардың ең күрделі түрлерінің бірі болып қалуда. Ғасырлар бойы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың күш-жігері этносаралық қақтығыстарды болғызбаудың жолдары мен құралдарын іздеуге, этноұлттық топтардың бейбіт ынтымақтастығына жағдай жасауға бағытталды. Халықаралық нормалар мен әлемдік тәжірибе тұтастай алғанда барлық елдер үшін аса құнды болып табылады және этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы қателіктерден сақтандыра отырып, шешімдерді ұсынады.
Қазіргі заманғы мемлекеттердің басым көпшілігінде халық құрамы этникалық тұрғыдан күрделі болып табылады және күрделі болмақ, бұл кейде этносаралық қайшылықтар тудырып, қақтығыстарды ушықтырады.
Қазақстан Республикасында 100-ден астам этнос тұрады, осыған байланысты мемлекет елде қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені, халықаралық құқықтық нормаларды зерделейді және қолданады.
Қазіргі кезде әлемде "балқыту қазандығы" және мультимәдениеттілік модельдерімен қатар интермәдениеттілік тұжырымдамасы қалыптасуда.
Интермәдениеттілік әртүрлі мәдениеттерді біріктіретін мүдделерді іздеуді және әртүрлі этнос өкілдері арасында оң өзара іс-қимылды жолға қоюды бірінші орынға қояды. Мәдени айырмашылықтарды мойындай отырып, интермәдениеттілік жабық мәдени қауымдастықтар құруға қарсы. Еуропа мемлекеттерінде аз этнос өкілдері өзінің белгілі бір мемлекеттің азаматтық қоғамына, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру арқылы да интефациялануына жауапты болады. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі интермәдениеттіліктің бұлжымас шарты болып табылады.
Оң халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанда қолданылып жүрген "бірлігіміз - әралуандықта" идеясы бүгінде интермәдениеттілік қағидатпен объективті түрде толығуда.
Іс жүзінде көптеген елдер этностық топтарды саяси шешімдер қабылдау процестеріне тарту арқылы олардың саяси өмірге қатысуына жағдай жасауды қолдауға ұмтылады. Арнайы белгіленген рәсімдер арқылы ұлттық парламенттерде аз этностардың өкілдігін қамтамасыз ету маңызды құрал болып табылады. Парламенттерде арнайы орындар санын бөлу ең көп таралған практика болып табылады. Бұл тәсіл Данияда, Жаңа Зеландияда, Сингапурда, Словенияда, Черногорияда және басқа да елдерде қолданылады.
Аталған шараны Қазақстан Республикасы Ассамблея арқылы іске асырады, ол ел Парламентінде этностық топтардың мүдделерін білдіруді, депутаттардың заң шығару қызметіне және этностық тиесілігіне қарамастан, қазақстандық азаматтардың құқықтарын сақтау, оларды этностық қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді қатысуын қамтамасыз ететін конституциялық орган болып табылады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдері (ЭЫДҰ) аз этнос өкілдерінің, әсіресе, этностық топтар белгілі бір өңірлерде жинақы тұрған жағдайларда жергілікті өкілді органдардың жұмысына қатысуын кеңейту үшін жағдайлар жасауға көп кеңіл бөледі.
Атқарушы биліктің функцияларын жүзеге асыру шеңберінде көптеген елдерде үкіметтер құрылымында этностардың дамуы мен этносаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін арнайы бөлімшелер құру әдетке айналған.
Адамдарды жергілікті қоғамдастықты дамыту және әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелерінің кең ауқымын шешуге тарту азаматтық бірлікті және этноәлеуметтік өзара іс-қимылды қалыптастырудың тиімді тетігі болып танылды. Әлеуметтік қолдауды күшейту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын одан әрі дамыту азаматтық бірлікті қалыптастырудың басым бағыттары болып табылады.
Азаматтық бірлікті нығайту құралдарының бірі - волонтерлік жұмыс. Азаматтарды волонтерлер қозғалысына тартудың жоғары деңгейі Ұлыбританияға, Германияға, Нидерландыға, Ирландияға, АҚШ-қа тән. Волонтерлер қозғалысы Қазақстанда, әсіресе, СOVID-19 пандемиясы кезеңінде жақсы дами бастады.
Көптеген елдер 1965 жылғы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) ратификациялады, ол елдерді Біріккен Ұлттар Ұйымының Нәсілдік кемсітушілікті жою комитетіне (бұдан әрі - БҰҰ Комитеті) Конвенция нормаларының орындалуы туралы жиынтық мерзімді баяндамалар ұсынуға міндеттейді. Елдердің бұл міндеті жекелеген мемлекеттердің ұлттық саясатын халықаралық тануды қамтамасыз етудің, аталған мәселені саясиландыру әрекеттерін және сыртқы қысымды бейтараптандырудың пәрменді құралдарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы бұл Конвенцияны 1998 жылғы 29 маусымда ратификациялады және Конвенция нормаларының орындалуы туралы тиісті жиынтық мерзімді баяндамаларды БҰҰ Комитетіне белгіленген тәртіппен ұсынып отырады.
Халықаралық практиканы талдау қазақстандық этносаралық келісім мен Ассамблея тәжірибесінің кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте табысты қолданылып келе жатқанын көрсетеді және этникааралық келісім мен халық бірлігін нығайтуда, сындарлы диалог мәдениетін қалыптастыруда елеулі рөл атқаратынын паш етеді.
1998 жылы Ресей халықтарының Ассамблеясы құрылды, ол ерікті, өзін-өзі басқаратын бүкілресейлік қоғамдық ұйым болып табылады және Ресей Федерациясы халықтарының 160-тан астам өкілін біріктіреді. Оның қызметі мемлекеттік билік органдары мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы диалогты жолға қоюға, осындай бірлестіктердің заң шығару процесіне және бітімгершілік қызметке қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бірқатар шет елдерде этносаралық қатынастар саласындағы арнайы және қоғамдық құрылымдарды реформалауға қоғамдық және әлеуметтік-саяси сұраныс бар екенін атап өтуге болады.
Осылайша, Қырғыз Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы жарлығымен бұдан бұрын қоғамдық бірлестік ретінде жұмыс жасаған Қырғызстан халқы Ассамблеясының мәртебесі Қырғызстан Президентінің жанындағы кеңесші орган деңгейіне дейін көтерілді.
Көптеген жылдар бойы қоғамдық ұйым ретінде қызмет еткен Ресей халықтары ассамблеясы 2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен "Ресей халықтары Ассамблеясы" бүкілресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымы болып қайта құрылды. Оның мақсаты мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, бүкілресейлік азаматтық бірегейлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету болды.
Әлемнің 27 елін біріктіретін Еуропалық Одақ (бұдан әрі - ЕО) ұлтаралық қатынастар саласындағы реформалаудың жарқын мысалы болып табылады. Оның негізінде ЕО халықтарының мүдделерін білдіретін бірқатар бірлескен органдар құрылды және жұмыс істейді. Заңнаманы сақтау негізінде ЕО-ға кіретін елдер арасында ұлтаралық қатынастарды қалыптастырған бірыңғай еуропалық құқық әзірленді. Бұл ретте ЕО елдері халықтарының жақындасу және өзара ықпал ету процесі үнемі тереңдетіліп тұрады әрі үздіксіз болып табылады,
Этносаралық коммуникация мен қоғамның бірлігін қамтамасыз ету басымдықтарын ескерсек, қазіргі уақытта көпэтностық мемлекетті басқарудың тиімділігі көп жағдайда мемлекеттік ақпараттық саясаттың қаншалықты толық реттелгеніне байланысты.
Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі бірқатар елдер (Грузия, Украина, Беларусь, Түрікменстан, Балтық жағалауы елдері) БАҚ туралы заңдардың жалпы сипаттағы шектеулерді көздейтін баптарьш қандай да бір дәрежеде қолданады, оның ішінде БАҚ-ты ұлттық, әлеуметтік, діни төзбеушілікті немесе алауыздықты тудыру үшін пайдалануға жол берілмейді.
Этносаралық жағдайға сыртқы деструктивті ықпал ету проблемасы бойынша халықаралық тәжірибе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948), Хельсинки уағдаластықтары (1975), Париж хартиясы (1990) сияқты және т.б. халықаралық құжаттар негізінде шешіледі. Аталған құжаттарда ұлттардың тең құқықтылық қағидаты және адам құқығының ұлт пен мемлекет құқығынан басымдығы жария етілген.
Аталған нормалардың сақталуын бақылауды беделді және танымал халықаралық ұйымдар (БҰҰ-ның Адам құқықтары, Аз ұлттарды қорғау комиссиясы, БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікті жою кеңесі, Гаага халықаралық соты және т.б.) жүзеге асырады.
Ресей Федерациясында этносаралық жағдайға сыртқы деструктивті ықпал мәселесі бірнеше аспектіні қамтиды; саяси-дипломатиялық шеңберде жүзеге асырылатын бітімгершілік қызмет, делдалдық, басқа елдермен өзара іс-қимыл элементтері, нормативтік құқықтық базаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ әскери- күш әдістері.
Еуропа елдері Ресей қолданатын аспектілерден басқа ЕО базасындағы олардың тығыз кооперациясынан, интеграциясынан, экономикалық және мәдениетаралық өзара іс-қимылынан, сондай-ақ қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұрудан көрінетін біріктіруші қағидатты пайдаланады.
Осылайша, әлемдік тәжірибені қысқаша талдау этносаралық қатынастарды реттеу мемлекеттік саясаттың және көпұлтты қоғамдар мен мемлекеттердің бейбіт қатар тіршілік етуінің аса маңызды факторы болып табылатынын көрсетеді.
Қазақстанда мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде елімізде тұратын барлық этностардың мүдделері ескеріліп, этносаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің жоғарыда көрсетілген шаралары мен құралдары практикада қолданылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттің этносаралық қатынастар саласындағы саясатын іске асырудың орталық буындарының бірі ретінде әрекет етеді.
4-бөлім. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат жүйесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының даму пайымы
Ассамблея Қазақстанда халық мәдениеттерінің, тілдерінің, дәстүрлерінің әралуандылығын мойындай отырып, интеграцияланған азаматтық қауымды одан әрі нығайтуға, қоғамды еліміздің даму басымдықтары тәңірегіне шоғырландыру мен біріктіруге жәрдемдесетін болады.
Ассамблея бұдан әрі де азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мен қоғамдық келісімнің конституциялық қағидатын іске асырудың түйінді тетігі, мемлекет пен азаматтық қоғамның диалог алаңы ретінде қызмет ете береді.
Бірінші кезекте Тұжырымдама Ассамблеяның қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісім саясатын қамтамасыз етудің түйінді идеологиялық тетіктерінің бірі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, жастардың қоғамды интеграциялау, қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту мәселелері бойынша кең ауқымды өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Ассамблеяны әлеуметтік және ақпараттық алаң ретінде дамытуға ықпал ететін болады.
Тұжырымдама этностарды интеграциялау, қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті дамыту, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын қоғамда түсіндіру мен іске асыру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.
Этносаралық қатынастар саласын одан әрі дамыту Ассамблеяның барлық институттарьш жан-жақты жаңғырту, сондай-ақ олардың қазақстандық қоғамның рухани жаңаруына белсенді қатысуы арқылы азаматтық, "Қазақстан - 2050" стратегиясының міндеттерін шешуге бағдарлану қағидаттарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда Ассамблеяның рөлін күшейту тұрғысынан жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты этносаралық саладағы мемлекеттік саясат жүйесінде Ассамблеяны, оның институттарын мынадай түйінді бағыттар бойынша институционалдық және инфрақұрылымдық нығайту жалғасатын болады:
1) кез келген сыртқы қақтығыс әлеуетін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оның азаматтарына ығыстыра салу әрекеттеріне қарсы жүйелі іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша Ассамблеяның шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
2) этносаралық ахуалдың шиеленісуіне, этникалық кеңістікке ұласуы мүмкін қақтығыстарға жедел ден қою женінде құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жандандыру және жаңғырту, сондай-ақ олардың профилактикасы және жолын кесу жөніндегі алдын алу шаралары жүйесін құру;
3) этносаралық өзара іс-қимыл мен келісімді нығайтудың маңызды құралы ретінде Ассамблеяның қызметін жандандыру арқылы барлық этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау жөніндегі көпжоспарлы жұмысты, сондай-ақ оның барлық институттарының қоғамдағы бірлік пен келісім саясаты, этностарды интеграциялау, қоғамда мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту мәселелері бойынша ағартушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;
4) ақпараттық алаңда таратылатын этносаралық қатынастар саласындағы теріс дүниетанымдық көзқарастарды бейтараптандыру мақсатында халық арасында Ассамблея институттарының, достық үйлерінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын іске асыру;
5) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Ассамблея институттарының мемлекеттік органдармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
6) жұмысты жүйелендіру және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту тетігі ретінде Ассамблеяның этносаралық қатынастарды нығайтудағы, әлеуметтік саладағы қайырымдылықты, медиацияны, волонтерлікті дамытуға жәрдемдесудегі рөлін күшейту;
7) Ассамблеяның қоғамдық сананы жаңғырту басымдықтарын іске асыру, қоғамда прогрессивті адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жөніндегі қызметін жетілдіру.
5-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қағидаттары:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;
3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге кезқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.
Ассамблеяның бұл қағидаттары этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың жалпы қағидаттарына сәйкес келеді және 2021 жылғы 28 сәуірде Ассамблеяның XXIX сессиясында айтылған негізгі ережелермен толықтырылады:
азаматтық қоғам мен мемлекеттің сенімі мен өзара іс-қимылына негізделген қазақстандық патриотизм;
мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі;
ұлтты тұрақты жаңғырту, "бірлігіміз - әралуандықта" идеясын дамыту және саяси ойлаудың жаңа нысандарын енгізу;
барлық этностық топтардың ортақ құндылықтары мен мүдделеріне негізделген интермәдениеттілік.
Ассамблея қызметінде:
біріктіруші мүдделерді іздеуге және әртүрлі этностар өкілдерінің арасында жағымды өзара іс-қимылды орнатуға;
халықтың барлық топтарының ортақ құндылықтары мен мүдделерін іздестіруге;
азаматтық бірегейлікті және бірлескен қызметті нығайту проңесінде мәдени және этностық шекараларды еңсеруге;
этностар өкілдерін бірыңғай қоғамға, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру арқылы интеграциялауға баса назар аударылатын болады.
Мәдени айырмашылықтарды мойындау жабық этномәдени қауымдастықтар құруға ықпал етпеуге тиіс. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері этностардың біртұтас қазақстандық қоғамға әлеуметтік-мәдени интеграциялануына жауапты болады.
Ассамблеяның қызметі мынадай түйінді бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Ассамблея құрылымдарын қоғамды интеграциялау, интермәдениеттілік саясатын жүргізу негізінде қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі жобаларға кеңінен тарту;
2) Ассамблеяның медиация, волонтерлік, қайырымдылық және қоғамдық бақылау саласындағы қызметін интеграциялау тетіктері ретінде дамыту;
3) мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету, қазақстандық этностар тілдерінің дамуына жәрдемдесу;
4) Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасын қолдау, сақтау және танымал ету;
5) Қазақстанның көпэтносты халқының қалыптасу тарихы және елдің тәуелсіздігін нығайтудағы этностардың рөлі туралы білімді тарату;
6) азаматтық қоғам мен жастар ұйымдарын дамыту;
7) этностық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына жәрдемдесу.
Ассамблеяны дамыту тәсілдері:
1) халықаралық ынтымақтастық:
Ассамблеяның шетелдік әріптестерімен ынтымақтастық тетіктерін дамыту;
халықтық дипломатия құралдарын, оның ішінде Ассамблеяның достық елшілері институтын дамыту, Ассамблеяның халықаралық іс-шаралары шеңберінде онымен өзара іс-қимыл жасасу;
Қазақстан этностары арасындағы этносаралық жағдайдың ушығуына жол бермеу мақсатында Ассамблея институттарының сыртқы ықтимал қатерлерді барынша болдырмау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
2) елдің этноәлеуметтік топтарының біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциял ануы:
Ассамблея институттарының мемлекеттік органдармен және ұйымдармен интермәдениеттілік саясатты ілгерілету бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;
Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен өзге де қоғамдық бірлестіктер үшін қоғамның интеграциясы, сондай-ақ Қазақстанның барлық этностарының дәстүрлерін, тілдерін, мәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі жұмыста жағдай жасау;
аналар кеңестерін, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді отбасы институтын, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, қазақстандық қоғамдағы достық пен бірлікті дәріптеуге және нығайтуға тарту;
мемлекеттік басқару органдарының қызметін және олар Қазақстан этностарының құқықтары мен мүдделерін сақтауға және қоғамның интеграциялану процестерін кеңейтуге байланысты қабылдайтын шешімдерді қоғамдық бақылау тетіктерін практикаға енгізу;
3) этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы:
қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында, әсіресе, әлеуметтік желілер, БАҚ және интернет-кеңістікті пайдалану арқылы халық арасында ақпараттың-түсіндіру жұмысын күшейту;
этносаралық қатынастар саласына жүйелі мониторинг жүргізуді және елдегі, оның ішінде ақпараттық өрістегі этносаралық ахуалды талдауды қамтамасыз ету;
этносаралық шиеленістің туындауының профилактикасы, медиация мен қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту мақсатында елдің медиа кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ассамблеяның қоғамдық келісім кеңестерінің жүмысын кеңейтуге және жандандыруға жәрдем көрсету;
мемлекеттік органдар мен ел халқының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары базасында диалог алаңдарын құру;
этносаралық қатынастар саласьшда бірыңғай стандарттар мен әлеуметтік-лингвистикалық ұғымдарды әзірлеу, олардың біркелкі пайдаланылуын қамтамасыз ету;
4) Ассамблея институтын оның қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру арқылы нығайту және дамыту:
Ассамблея және оның қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаның тиімділігіне талдау жүргізу;
еңірлік ассамблеялардың, "Қоғамдық келісім" КММ-нің, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының қызметіне менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
өңірлік деңгейде консультативтік-кеңесші органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түріндегі тұрақты жұмыс істейтін ынтымақтастық тетіктерін дамыту;
орта мерзімді кезеңге арналған жұмыс жоспарларын үлгі ретінде әзірлеу арқылы Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары жұмысының бірыңғай жүйесін енгізу;
мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің этносаралық қатынастар мәселелері бойынша біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
өңірлердегі ассамблеялар арасында медиация, волонтерлік, қайырымдылық және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Парламентімен ынтымақтастық және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы Ассамблеяның депутаттық тобымен ынтымақтастық тетіктерін дамыту.
6-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асырудың нысаналы индикаторлары мен күтілетін нәтижелері
р/с № | Нысаналы индикатор | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | 2020 жыл (факт) | 2021 жыл (бағалау) | Жоспарлы мәндері | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | ||||||
1. | Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту деңгейі | % | әлеуметтанушылық зерттеу | - | 80 % | 80,2 % | 80,4% | 80,6 % | 80,8 % | 81,0 % |
2. | Қазақстан этностары арасындағы толеранттылық деңгейі | % | әлеуметтанушылық зерттеу | - | 67 % | 67,5 % | 68 % | 68,5 % | 69 % | 69,5 % |
3. | Қазақстан этностарының әлеуметтік көңіл-күйінің деңгейі | % | әлеуметтанушылық зерттеу | - | 75% | 75,5 % | 76 % | 76,5 % | 77 % | 77,5 % |
Күтілетін нәтижелер:
Осы Тұжырымдамада әзірленген нысаналы индикаторлар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының "Патриотизм құндылықтарын дәріптеу" алтыншы жалпыұлттық басымдығын имплементациялайды, оның мәні мықты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру болып табылады және мыналарды болжайды:
1) Достық үйлері, этномәдени бірлестіктер, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары базасында Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ықпалдастырудың және қолдаудың тиімді қоғамдық тетіктерінің жұмыс істеуі;
2) ақпараттық алаңда таратылатын этносаралық қатынастар саласындағы теріс дүниетанымдық көзқарастарды бейтараптандыру мақсатында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл және алдын алу шаралары жүйесі негізінде этносаралық жанжалдарды ерте анықтау мен алдын алудың және жанжалдан кейінгі реттеудің белсенді жүйесіне Ассамблея институттарының тиімді қатысуы;
3) этносаралық қатынастар саласында, оның ішінде медиация, волонтерлік және қайырымдылық саласында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері;
4) халықтың қалың жігін, қазақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын топтастырушы фактор ретінде кеңейтуді насихаттауда және ілгерілетуде Ассамблеяның жетекші рөлі;
5) осы бағыттағы талдамалық зерттеулер мен практикалық жұмыс негізінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-сараптамалық қолдаудың тиімді жүйесі.
Осы Тұжырымдаманы іске асырудың басты нәтижелері Ассамблея институтын одан әрі дамыту, мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттерін табысты жаңғырту мен оған қол жеткізудің түйінді факторлары ретінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау болуға тиіс.
Тұжырымдама осы тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес іс-қимыл жоспары арқылы іске асырылатын болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына ҚОСЫМША |
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Р/с № | Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Аяқталу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бағыт. Халықаралық ынтымақтастық | ||||
1. | Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру: | орындалған жұмыс туралы есеп | жыл сайын | АҚДМ, СІМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
1) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарихқа тағылым - өткенге тағзым" жобасы | жоба | жылына 1 рет, II тоқсан | ||
2) ҚХА достық елшілерінің онлайн отырысы | отырыс | жылына 1 рет, II тоқсан | ||
3) "Бірлік" жастар лагері | жоба | жылына 1 рет, III тоқсан | ||
1.2-бағыт. Ассамблея институтының қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру арқылы оны нығайту және дамыту | ||||
2. | ҚХА-ның жыл сайынғы сессиясын дайындау және өткізу | сессия хаттамасы | жыл сайын, 1 мамырға дейін | АКДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, МСМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
3. | ҚХА кеңесінің отырыстарын өткізу | отырыс хаттамасы | жылына 3 рет | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ |
4. | ҚХА құрылымдарының жұмысын ұйымдастыру: | орындалған жұмыс туралы есеп | жарты- жылдықта 1 рет |
АҚЦМ, ҒЖБМ, "Қоғамдық келісім" РММ, ҚЭЗИ (келісу бойынша), |
1) ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы | отырыс хаттамасы | 4 отырыс, тоқсан сайын | АҚЦМ, ҚЭЗИ, ҒЖБМ, ҚХА ҒСК (келісу бойынша) | |
2) ҚХА республикалық және өңірлік аналар кеңесінің отырысы | отырыс хаттамалары | 18 отырыс, жыл сайын | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
3) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ және өңірлердегі ҚХА қоғамдық құрылымдары қызметінде менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөніндегі республикалық және өңірлік әдістемелік кеңестердің отырысы | атқарылған жұмыс туралы есеп | жылына 1 рет | ||
4) ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы | отырыс | жылына 1 рет, IV тоқсан | ||
5) ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы | отырыс хаттамасы | жылына 1 рет | АҚДМ, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Астана, Алматы, ІІІымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
6) ҚХА кафедраларының отырыстары | атқарылған жұмыс туралы есеп | жылына 1 рет | ҒЖБМ, ҚЭЗИ | |
7) ҚХА этномәдени бірлестіктерін тарта отырып, жастар ортасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша ҚХА "Ассамблея жастары" РҚБ жастар қозғалысын дамыту | атқарылған жұмыс туралы есеп | жылына 1 рет | АҚДМ, ҒЖБМ, "Қоғамдық келісім" РММ, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
8) достық үйлерінің материалдық-техникалық базасы (көлік, ұйымдастыру техникасы, лингафон кабинеттері және т.б.) | атқарылған жұмыс туралы есеп | жарты- жылдықта 1 рет | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
9) ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері үшін практикалық семинар-тренинг өткізу | семинар-тренингтер | жыл сайын | АКДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
5. | ҚХА этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу | Қазақстан халқы Ассамблея- сының этномәдени бірлестіктерінің тізілімін жаңарту | 2022 және 2025 жылдар | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
6. | "Бейбітшілік және келісім жолымен" ҚХА- ның халықтық экспедициясы" жобасын ұйымдастыру және өткізу | жоба | жыл бойы | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, СІМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
7. | ҚХА-ның медиация институтын жетілдіру жөніндегі мәселені қарау: | орындалған жұмыс туралы есеп | 2022 және 2025 жылдар | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
1) ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырыстарын өткізу | отырыс хаттамасы | жылына 2 рет | ||
2) медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренинг ұйымдастыру | семинарлар-тренингтер | жылына 4 рет | ||
3) медиаторларды оқыту үшін бағдарлама дайындау жөніндегі мәселені пысықтау | атқарылған жұмыс туралы есеп | 2022 жылы | АҚДМ, ҚЭЗИ, "Қоғамдық келісім" РММ | |
8. | ҚХА аясында қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу: | АҚДМ-ға ақпарат | жыл сайын | "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, "Қоғамдық келісім" КММ, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісу бойынша) |
1) ҚХА "Қайырымдылық керуені" жобасы шеңберіндегі республикалық акция | акция | жыл сайын | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
2) Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған ҚХА волонтерлерінің жалпыұлттық акциясы | акция | жыл сайын, 1 мамыр | "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, "Қоғамдық келісім" КММ, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісу бойынша) | |
3) ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық қызметін үйлестіру | атқарылған жұмыс туралы есеп | жылына 1 рет | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
9. | Интеграциялау мен интермәдениеттілікті дамытуға, этникалық ортада мемлекеттік тілді, азаматтық бірегейлікке негізделген қазақстандық патриотизмді ілгерілетуге, өткен күннің бай тарихын, ұлттық мәдениетті және рухани дәстүрлерді сақтау мен дамытуға бағытталған "Ел бірлігі" зәкірлі жобасының шеңберінде кемінде 6 іс-шара өткізу: | орындалған жұмыс туралы есеп | жыл сайын | АҚДМ, СІМ, МСМ, "Қоғамдық келісім" РММ, ҚЭЗИ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
1) ҚХА журналистер клубының қызметін қамтамасыз ету | атқарылған жұмыс туралы есеп | жылына 1 рет, IV тоқсан | АҚЦМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Нұр- Сүлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жомарт жан" қоғамдық наградаларын және этносаралық қатынастарды дамытуға, жалпыазаматтық бірегейлікті және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан үлесі үшін басқа да көтермелеулерді беру | наградаларды беру салтанаты | жылына 1 рет, IV тоқсан | "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
3) этножурналистика саласындағы "Шаңырақ" конкурсы | конкурс | жылына 1 рет, IV тоқсан | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ | |
4) ҚХА аясында республикалық Достық үйінің іс-шаралары | атқарылған жұмыс туралы есеп | жыл сайын кемінде 5 іс-шара | ||
5) ҚХА аясында жетекші отандық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, этносаралық қатынастар және үлт бірлігін нығайту мәселелері жөніндегі жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференция | конференция | жылына 1 рет | АЕДМ, ҚЭЗИ | |
2-бағыт. Елдің этноәлеуметтік топтарының біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялануы | ||||
10. | Республика аумағында тұратын этностар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған ҚХА-ның 5 жобасын ұйымдастыру және өткізу: | орындалған жұмыс туралы есеп | жыл сайын | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
1) мемлекеттік тілді еркін меңгерген этностар екілдерінің қатысуымен "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" форумы | форум | жылына 1 рет, 2- жарты- жылдық | ||
2) "Мың бала" республикалық мәдени- ағартушылық жобасы | жоба | жылына 1 рет, IV тоқсан | ||
3) Қазақстан этностарының өкілдері үшін жағдаяттық қазақ тілі | атқарылған жұмыс туралы есеп | 2022 жыл | ||
4) Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың достық үйлері базасындағы "Мәміле" қазақ тілі пікірталас клубы | атқарылған жұмыс туралы есеп | 20 клуб, жыл сайын | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
5) этностар екілдерінің қатысуымен тіл мектебі | көшпелі лагерь | жылына 1 рет | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ | |
6) мемлекеттік тілді және қазақстандық этностардың тілдерін үйрену курстары | атқарылған жұмыс туралы есеп | жылына 1 рет | ҒЖБМ, АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
11. | Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында 7 жобаны іске асыру: | орындалған жұмыс туралы есеп | жылына 9 рет | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, "Қоғамдық келісім" КММ, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісу бойынша) |
1) Алғыс айту күніне арналған форум | форум | жыл сайын, 1 наурыз | ||
2) өңірлік қоғамдық келісім кеңестері негізінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар | өткізілген іс- шаралар туралы есеп | жыл сайын, 1 мамыр | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | |
3) өңірлік аналар кеңестері негізінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық акция | акция | жыл сайын, 1 маусым | ||
4) ҚХА-ның республикалық жастар сессиясы | сессия | жылына 1 рет, I тоқсан | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, "Ассамблея жастары" РҚБ (келісу бойынша) | |
5) ҚХА-ның "Бір ел" жобасы | жоба | жыл ішінде | ||
6) ҚХА-ның "Қайырымдылық керуені" республикалық форумы | форум | жыл бойы | ||
7) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету жөніндегі республикалық лекторий | лекторий | жылына 4 рет | ||
12. | "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" жобасын іске асыру | орындалған жұмыс туралы есеп | 2022 жыл | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
13. | Қазақ зиялылары өкілдерін: мәдениет және ғылым қайраткерлерін, журналистер мен блогерлерді тарта отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету жөніндегі республикалық лекторий шеңберінде "Қазақтану" жобасын іске асыру | АЕДМ-ға ақпарат | жылына 4 рет | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
14. | Қазақ ұлттық өнерін (домбыра, қобыз, би) жетік меңгерген этностық топтар өкілдерінің "Өнеріміз саған - Қазақстан!" фестивалін өткізу | фестиваль | жылына 1 рет | МСМ |
15. | Этносаралық қатынастар саласында әлеуметтанушылық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу: | АҚДМ, ҚЭЗИ | ||
1) елдегі этносаралық ахуалды әлеуметтанушылық зерттеулер | талдамалық есеп талдамалық баяндама | жыл сайын, жылына 4 рет | ||
2) "Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық теңсіздігінің этникалық аспектілері" зерттеуі | 2022 жыл, жылына 1 рет | |||
3) "Бірегейлік формуласын айқындау" зерттеуі | 2022-2024 жылдар, жылына 1 рет | |||
4) "Бұқаралық коммуникациялар құралдарының қақтығыс әлеуеті деңгейіне және этносаралық қатынастарға әсері" зерттеуі | 2023 жыл, жылына 1 рет | |||
5) "Этностық анклавтарды қалыптастырудың түйінді факторлары" зерттеуі | 2022 жыл, жылына 1 рет | |||
3-бағыт. Этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы | ||||
16. | ҚХА қызметін ақпараттық сүйемелдеу: | ақпараттық ресурстарда орналастыру | жыл сайын | АҚДМ, "Қоғамдық келісім" РММ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
1) ҚХА мүшелерінің, этностар өкілдерінің республикалық телеарналардағы тақырыптық бағдарламаларға қатысуы | республикалық телеарналар | жыл ішінде | ||
2) елдегі этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту тақырыбында радиорепортаждар мен радиобағдарламаларды, уәждеуші радиороликтерді трансляциялау | республикалық радиоарналар | жыл сайын кемінде 10 материал | ||
3) тақырыптық бейнероликтер мен басқа да медиа өнімдерді өндіруді ұйымдастыру, сондай-ақ оларды ақпараттық ресурстарда орналастыру | ақпараттық ресурстардағы бейнероликтер | жыл ішшде 5 ролик | ||
4) Орталық коммуникациялар қызметі алаңында этносаралық тақырыптың анағұрлым өзекті мәселелері бойынша ҚХА ресми өкілінің брифингтерін ұйымдастыру | брифинг | жыл сайын, кемінде 2 брифинг | ||
5) ҚХА ұйымдастырған іс-шаралар мен акциялардан тікелей эфирлер жүргізу | "Үоutube" бейнехостингі, "Ғасеbоок", "Instagram" әлеуметтік желілері | кемінде 10 тікелей эфир | ||
6) республикалық және өңірлік баспа БАҚ-та қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік тақырыбында мақалалар жариялау | жарияланымдар графигі | тоқсанына 2 жарияланым | ||
7) өңірлік ҚХА төрағаларының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мақалаларын жариялау | жарияланымдар графигі | жыл сайын 17 жарияланым, (графикке сәйкес) | ||
8) бірыңғай медиа-жоспар шеңберінде ҚХА қызметінің негізгі бағыттары туралы БАҚ-та материалдар жариялау | материалдар жариялау | жыл сайын, кемінде 50 жарияланым | ||
9) ҚХА мультимедиалық порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) | ҚХА ресми сайтын мониторингтеу | үнемі | ||
17. | ҚХА ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша материалдар әзірлеу және жариялау: | АҚДМ-ға ақпарат | жыл сайын | АҚДМ, ҚЭЗИ |
1) ҚХА ҒСК, өңірлердің ҒСТ және ҚХА кафедралары қауымдастығы мүшелерінің зерттеу нәтижелері мен жарияланымдары бар этносаралық қатынастар, этностар саласындағы ақпараттық-талдамалық басылымды шығару | ақпараттық-талдамалық басылым | жарты- жылдықта 1 рет | ||
2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыптық ақпараттық-анықтамалық материалдар шығару | ақпараттық-анықтамалық материалдар | жыл сайын, кемінде 20 материал, IV тоқсан | ||
3) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттіқ саясат мәселелері жөніндегі әдістемелік құралдар | әдістемелік құрал | жыл сайын, кемінде 3 әдістемелік құрал |
Бскертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат жэне қоғамдық даму министрлігі |
"Ассамблея жастары" РҚБ | - | "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі |
"Атамекен" ҰКП | - | "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
БАҚ | - | бұқаралық ақпарат құралдары |
ҒЖБМ | - | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ҒСТ | - | Ғылыми-сарапшылық тобы |
ҚХА | - | Қазақстан халқы Ассамблеясы |
ҚХА ҒСК | - | Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі |
"Қоғамдық келісім" КММ | - | "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
"Қоғамдық келісім" РММ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі |
ҚЭЗИ | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
МСМ | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
СІМ | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |