Қазақстан Республнкасының Президенті мен Үкіметі актілерінін жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Кеңестің шетелдік мүшелері шет елдерде Орталықтың мүдделерін ілгерілетеді және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық қаржы орталықтарымен, халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ шет мемлекеттердегі бизнес-қауымдастықтармен, жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынасты дамытады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамы:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы".
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |