ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
1) 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.".
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлықтың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |