"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 483 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында:

      1-бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаржылық тұрақтылық департаменті";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті";

      реттік нөмірі 8-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Халықаралық ынтымақтастық департаменті";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:

      "16-1. Тәуекелдер басқармасы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-1-жолмен толықтырылсын:

      "24-1. Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы";

      4-бөлім алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев