"Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 231 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 470 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымша:

      мына:

       "Ұлттық ұлан - генерал-майор

       Әскери институтының бастығы "

       деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

       "Әкімшілік полиция - полиция генерал-майоры

       комитетінің төрағасы ".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев