Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 182 Жарлығына ҚОСЫМША |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі
Р/с № | Атауы | Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі | Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі | 2015 жылғы 2 наурызға дейін | 2015 - 2019 жылдар | 2015 жылғы 12 наурызға дейін |
2. | Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі | 2014 жылғы 1 маусымға дейін | 2015 - 2019 жылдар | 2014 жылғы 1 шілдеге дейін |
3. | "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | 2013 - 2019 жылдар | 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
4. | Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы | 2013 жылғы 1 тамызға дейін | 2013 - 2017 жылдар | 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
5. | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі | 2015 жылғы 15 қарашаға дейін | 2016 - 2019 жылдар | 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
6. | Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі | 2016 жылғы 10 ақпанға дейін | 2016 - 2019 жылдар | 2016 жылғы 1 наурызға дейін |
7. | Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | 2010 жылғы 1 қазанға дейін | 2011 - 2019 жылдар | 2010 жылғы 1 қарашаға дейін |
8. | Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | 2013 жылғы 30 қазанға дейін | 2014 - 2019 жылдар | 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін |