"Астана" халықаралық қаржы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Астана қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 144 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 70-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жан басына шаққандағы кешенді нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – ЖНЫК) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерді көтермелеу қағидаларында (бұдан әрі – Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидалары) айқындалған тәртіппен түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде медициналық санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлігі;»;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көпбейінді ауруханалардың бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуға және олардың жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген ТМККК көрсету жөніндегі медициналық қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес ТМККК көрсету жөніндегі медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.
      7. ЖНЫК төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу тәртібі Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Онкологиялық науқастарға көрсетілген медициналық қызметтерге және аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің бекітілген халыққа ТМККК шеңберінде медициналық көмек пен амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу «Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қосалқы мердігерлік шарттар бойынша ақы төлеуді қоса алғанда, ТМККК шеңберінде көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарификаторға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      12-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметінің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізгені үшін Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес ЖНЫК төлеуді;
      5) Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалана отырып көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг төлемдерін төлеуді;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов