"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфе

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 586 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 08.12.2016 № 385 Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Астана-Алматы, Астана-Павлодар автомобиль жолдарын салу үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 25,5 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт бөлінсін.
      3. Осы Жарлық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев