Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.12.2013 № 708 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын әзірлеудің шарттары;
2) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекітудің тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия құрылғанға дейін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіскеннен кейін бекітсін.
3. Осы Жарлықтың 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 519 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын әзірлеудің шарттары
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары:
1) білімі бойынша талаптарды;
2) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды;
3) кәсіби білім-білігі, Қазақстан Республикасының заңнамасын,
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды;
4) лауазымдық міндеттерінің сипатына байланысты өзге де талаптарды қамтуы тиіс.
2. Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілін және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін сараланған негізде қамтуы тиіс.
3. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған жағдайда тұлғаларға жұмыс тәжірибесі бойынша сараланған талаптар белгіленеді.
4. Қойылатын біртекті талаптар ескеріле отырып, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары жекелеген лауазымдар топтарына біріктірілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 519 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Арнайы біліктілік талаптарын бекітудің тәртібі
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып әзірлейді.
2. Мүдделі мемлекеттік органдар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының жобасына ұсыныстарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган тиісті сұрату жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының жобасын он бес жұмыс күні ішінде әзірлейді және оны келісу үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі - жұмыс органы) жолдайды.
4. Жұмыс органы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының ұсынылған жобасын он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келіседі.
5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілгеннен кейін жұмыс органы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына енгізеді.
6. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келісілгеннен кейін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
7. Жұмыс органының ұсынуы бойынша шығарылатын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы арнайы біліктілік талаптарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін негіз болып табылады.