Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.04.2016 № 240 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық мекемелерінің қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 47, 430-құжат; 2004 ж., № 51, 670-құжат, 2008 ж., № 31, 308-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Консул консулдық округ аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету мақсатында жәрдем көрсетеді.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тараумен толықтырылсын:
«12-1-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың сайлау құқығын іске асыруда жәрдем көрсету жөніндегі функциялары
42-1. Консул Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың сайлау құқықтарын іске асыруда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сайлау құқығының қағидаттарын сақтауда жәрдем көрсетеді.
Егер Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауды және республикалық референдумды өткізу кезінде шетелдік мекеменің үй-жайында сайлау учаскесі құрылар болса, Консул бұл туралы тұратын мемлекеттің билік органдарын ресми түрде хабардар етеді.»;
47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Шетелдерде және Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын консулдық іс-әрекет үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен консулдық алымдар алынады.
48. Консулдық алымның ставкалары, оны алу, төлеу, есепке алу және төлеуден босату тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленеді.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ