Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 1150 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 37, 398-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
      "Күтілетін нәтижелер" деген кіші бөлімнің үшінші абзацындағы "10 %-ға" деген сөздер алып тасталсын;
      "Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері" деген 5-бөлімде:
      "Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту" деген 5.1.2-тараудың бірінші абзацы алып тасталсын;
      "Техникалық реттеу және метрология саласындағы ынтымақтастықты дамыту" деген 5.1.4-тараудың төртінші абзацындағы "Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетке (CEN)," деген сөздер алып тасталсын;
      "Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер" деген 7-бөлімнің үшінші абзацындағы "10 %-ға" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев