"Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 148 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

      «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.04.2013 N 541 Жарлығымен.
      1. Құпия.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат):
      аталған Жарлыққа 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруы тиіс лауазымдар тізбесі
Президент Күзет қызметінің бастығы            - генерал-лейтенант
Күзет қызметі бастығының бірінші
орынбасары - Президент қауіпсіздік
қызметінің бастығы                            - генерал-майор
Күзет қызметі бастығының орынбасары           - генерал-майор";

      2) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 380-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат):
      аталған Жарлыққа 8-қосымшада:
      "С-S-2" санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Аппарат басшысының орынбасары";
      "С-S-3" санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Заң қызметінің бастығы";
      3) құпия;

      4) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2006 ж., № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
      2-тармақтың бірінші абзацындағы ", 15-1" цифрлары алып тасталсын;
      15-1-қосымша алып тасталсын.
      3. Құпия.
      4. Осы Жарлық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ