Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 146 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 408 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      мыналар:
       Қиынов Қазақстан Республикасының Мұнай
       Ләззат Кетебайұлы және газ вице-министрі, төрағаның
       орынбасары,
       Тәутеев Қазақстан Республикасы Премьер-
       Әуесбек Зпашұлы Министрінің Кеңсесі Индустриялық-
       инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің
       орынбасары,
       Сауранбаев Қазақстан Республикасының
       Нұрлан Ермекұлы Индустрия және жаңа технологиялар
       вице-министрі енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан: Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов, Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков, Ренат Құрметжанұлы Айтаев, Асқар Құмарұлы Балжанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К.Мәсімов