Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 қыркүйектегі N 1060 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Әбіқаев        - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай           комитетінің төрағасы;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Ә.Ш. Шаяхметов шығарылсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 59, 510-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамындағы:
      мына:

«Шер           - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Раиса Петровна   министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау
                 комитеті төрағасының орынбасары»

      деген жолдағы «төрағасының орынбасары» деген сөздер «төрайымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 44, 578-құжат; 2006 ж., № 7, 51-құжат, 2007 ж., № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат):
      аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына енгізілсін:

Әбіқаев        - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай           комитетінің төрағасы;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Ә.Ш. Шаяхметов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев