Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 889 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 04.07.2025 № 932 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат; 2006 ж., № 41, 446-құжат; 2009 ж., № 26, 220-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде:

      11-тармақтағы "көпшілік дауысымен" деген сөздерден кейін "немесе Кеңес мүшелеріне сауал қою жолымен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев