Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 806 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 04.07.2025 № 932 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат; 2006 ж., N 41, 446-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде :

      5-тармақтың 3) тармақшасындағы "шетелдік" деген сөз алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев