Оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 74 Қаулысы

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және «Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерімен бірлесіп, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларды орналастыру орындарында бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өздерінің тарихи отанына келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасып көшіп келуін жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2010 жылы 1 шілдеге және 2011 жылы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есептерді ұсынсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 5 ақпандағы
№ 74 қаулысына    
қосымша        

Оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасы

Облыстар мен қалалардың атауы

Отбасы саны

Ақмола

1020

Ақтөбе

1000

Алматы

3800

Атырау

500

Шығыс Қазақстан

1500

Жамбыл

1840

Батыс Қазақстан

500

Қарағанды

1200

Қостанай

1000

Қызылорда

500

Маңғыстау

2500

Павлодар

800

Солтүстік Қазақстан

500

Оңтүстік Қазақстан

2950

Алматы қаласы

140

Астана қаласы

250

Жиыны:

20000