Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.29 № 2225 (қолданысқат енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 572-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов