Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына ө

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 866 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 543-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі";

      3-тармақтың 17) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы тізбенің 3-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.";

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 14.11.2017 № 583 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 14.11.2017 № 583 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев