Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 қарашадағы N 208 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 04.07.2025 № 932 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президент пен Үкімет актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі туралы ережеде 5-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаржылық активтердің және өзге де мүліктің" деген сөздер "шетелдік қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті