Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 123 Жарлығы

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

      Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру, сондай-ақ PISA халықаралық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың жетістіктерін салыстырмалы талдауға неғұрлым сапалы дайындау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 516-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      "Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер және оның индикаторлары" деген 7-бөлімде:
      "Бірінші кезең (2005-2007 жылдар)" деген шағын бөлімде:
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2010 жылға дейін 6238 білім беру ұйымы лингафон және мультимедиа кабинеттерімен қамтамасыз етілетін болады, бұл оқушылардың тіл дайындығын жақсартуға ықпал ететін болады.";

      қырық үшінші абзацтағы соңғы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жыл сайын Қазақстанның 3 мың азаматы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін болады.";

      жетпісінші абзац алынып тасталсын;

      "Екінші кезең (2008-2010 жылдар)" деген шағын бөлімде он жетінші абзац "Қазақстан" деген сөзден кейін "PISA," деген аббревиатурамен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті