Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 1528 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1) "Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң лауазымдарының тiзiлiмi мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003  ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат):

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының тізілімінде:
      "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары - басқарма бастықтары" деген жолдағы "- басқарма бастықтары" деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгiнiң бөлiм меңгерушiлерi және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің жетекшiлерi" деген жолдар ", олардың бiрiншi орынбасарлары және орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын;

      2)  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.03.11.  N 552 Жарлығымен.

      3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284  Жарлығына :

      аталған Жарлыққа 1-қосымшадағы:

"Қазақстан 9,51 9,99 10,46 10,94 11,41 11,70 11,98
Pеспубли-                                        12,27
касы                                                  12,55
Президентi                                                12,65
Әкiмшілігі                                                    12,84"
Басшысының
бiрiншi
орынбасары
мен орынба-
сарлары
басқарма
бастықтары

      деген жолдағы "- басқарма бастықтары" деген сөздер алып тасталсын;

      бiрiншi бағандағы:
"Қазақстан 7,13 7,49 7,84 8,20 8,56 8,77 8,98 9,20 9,41 9,48 9,63"
Республи-
касы
Президентi
Әкімшiлi-
гiнiң
бөлiм
меңгеру-
шілерi
және өзге де
құрылымдық
бөлiмшеле-
рiнiң
жетекшiлерi

      деген жолдар ", Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесi бастығының орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын;

"Қазақстан 6,70 7,04 7,37 7,71 8,04 8,24 8,44 8,64 8,84 8,91 9,05"
Республи-
касы
Президентi
Кеңсесi
бастығының,
Қазақстан
Респуб-
ликасы
Қауiпсiздiк
Кеңесi
Хатшылығы
меңгерушi-
сiнiң
орынбасарлары

      деген жол алып тасталсын;

"Қазақстан 6,57 6,90 7,23 7,56 7,88 8,08 8,28 8,48 8,67 8,74 8,87"
Республи-
касының
Президентiне
тiкелей
бағынатын
және есеп
беретін
мемлекеттiк
органдар
басшылары-
рының
орынбасар-
лары

      деген жолдардан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қазақстан 6,70 7,04 7,37 7,71 8,04 8,24 8,44 8,64 8,84 8,91 9,05
Республи-
касы
Президентi
Әкiмшілігі
бөлім
меңгерушi-
лерiнің
және өзге де
құрылымдық
бөлiмшелерi
жетекшіле-
рінің
бiрінші
орынбасар-
лары

Қазақстан 6,57 6,90 7,23 7,56 7,88 8,08 8,28 8,48 8,67 8,74 8,87".
Республи-
касының
Президенті
Әкiмшілі-
гiнің
бөлiм
меңгеру-
шілерінің
және өзге де
құрылымдық
бөлiмшелерi
жетекшіле-
рiнің
орынбасар-
лары

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті