Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1267 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.05.2018 № 273 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде:

      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн;

      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі