Жекелеген мемлекеттік органдарда әскери және арнаулы атақтар беруді реттеу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 17 наурыздағы N 18 Өкімі.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 1184 жарлығымен.

      Парник газдарының климат жүйесіне қауіпті антропогендік ықпалының алдын алу үшін олардың атмосферада шоғырлануын тұрақтандыру жөніндегі әлемдік қауымдастықтың күш салуына Қазақстан Республикасының қатысуы мақсатында қаулы етемін:
 
      1. Киото қаласында 1997 жылғы 11 желтоқсанда қабылданған Біріккен

 

Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгерісі туралы шектеулі конвенциясының

Киото хаттамасына қол қойылсын.

     2. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының

Тұрақты Өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға Киото қаласында 1997

жылғы 11 желтоқсанда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың

өзгерісі туралы шектеулі конвенциясының Киото хаттамасына қол қоюға

уәкілеттік берілсін.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


     Оқығандар:

          (Қасымбеков Б.А.)

          (Нарбаев Е.Ә.)