"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығы

      Елдің агроөнеркәсіп кешенін ғылыми қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы " республикалық мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы " республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. (Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен).

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қолдансын. N010247

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті