--------------Бұйрықтан үзінді--------------
"Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2005 жылғы 3 маусымдағы
N 211 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
11. "Шарттарды жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 1 наурыздағы N 86 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 17 наурызда N 2212 тiркелген)...
--------------------------------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 2113 тіркелген "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2113 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесіндегі "Ескерту" бағаны мынадай редакцияларда жазылсын:
138, 139, 141, 142, 143, 144, 145 және 146-ерекшеліктер бойынша:
"Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған шарттар: әкімшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Әкімшілік шығындар" бюджеттік бағдарламасы "Басқа елдердегі органдардың аппараттары (елшіліктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар)" кіші бағдарламасы бойынша айырбастау және шетелде Қазақстан Республикасы елшілігінің шоттарына кейіннен аудару үшін соманы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына аудару кезінде талап етілмейді.";
149-ерекшелік бойынша:
"Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған шарттар: әкімшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Әкімшілік шығындар" бюджеттік бағдарламасы "Басқа елдердегі органдардың аппараттары (елшіліктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар)", "Визалық жапсырмалар дайындау", "Ұзақ шетелдік іссапар кезінде қызметкерлерді медициналық сақтандыру" кіші бағдарламалары бойынша айырбастау және шетелде Қазақстан Республикасы елшілігінің шоттарына кейіннен аудару үшін соманы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына аудару кезінде талап етілмейді.";
411-ерекшелік бойынша:
"Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған шарттар: әкімшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Визалық жапсырмалар дайындау", "Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімен қорғалған байланыс жүйесін құру", "Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерін материалдық-техникалық жарақтандыру", "Елшіліктер үшін автомашиналар сатып алу" кіші бағдарламалары бойынша айырбастау және шетелде Қазақстан Республикасы елшілігінің шоттарына кейіннен аудару үшін соманы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына аудару кезінде талап етілмейді.";
412-ерекшелік бойынша:
"Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған шарттар: әкімшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Өткен жылдардың міндеттемелерін орындау", "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік сатып алу" бюджеттік бағдарламалары бойынша айырбастау және шетелде Қазақстан Республикасы елшілігінің шоттарына кейіннен аудару үшін соманы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына аудару кезінде талап етілмейді.";
421-ерекшелік бойынша:
"Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған шарттар: әкімшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік сатып алу" бюджеттік бағдарламасы бойынша айырбастау және шетелде Қазақстан Республикасы елшілігінің шоттарына кейіннен аудару үшін соманы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына аудару кезінде талап етілмейді.";
431-ерекшелік бойынша:
"Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған шарттар: әкімшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Республикалық меншіктегі шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша айырбастау және шетелде Қазақстан Республикасы елшілігінің шоттарына кейіннен аудару үшін соманы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына аудару кезінде талап етілмейді.".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр