Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 154-бабы бірінші тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 1 қараша N 19/2

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi уәкiлеттi орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі