"Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 22-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 126-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарау жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңестің құрамы;

      2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 131-ө өкімімен
бекітілген

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі

      "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 131-ө өкімімен
бекітілген

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын қарау жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаты Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (бұдан әрі - ХҒТО) ғылыми жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір реттен сиретпей өткізіледі.

2. Кеңестің міндеті

      6. Кеңестің негізгі міндеті:

      1) ХҒТО-ға табыс ету үшін кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар, институттар дайындаған ғылыми-техникалық жобалар;

      2) мемлекеттік және коммерциялық құпияларды құрайтын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерінің, ақпаратты, зияткерлік меншікті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.