1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 57-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман
шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы
Заңын іске асыру мақсатына қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік-құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), ЖРА |
2012 жылғы сәуір |
2. |
«Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1339 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегі Орман және аң шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк орман күзетi және аң шаруашылығы қызметкерлеріне арналған айырым белгiлерiнiң, пішінді киiмдердiң сипаттамасы және оларды беру нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 5 наурыздағы № 303 қаулысының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
3. |
Ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
4. |
Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы қараша |
5. |
Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
6. |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
7. |
Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
8. |
Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), ТЖМ |
2012 жылғы сәуір |
9. |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
10. |
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), Қаржыминi |
2012 жылғы қараша |
11. |
Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), ККМ |
2012 жылғы сәуір |
13. |
Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
14. |
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
15. |
Мемлекеттік орман мониторингін жүргізу қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
16. |
Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
17. |
Дериваттар тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), БҒМ |
2012 жылғы сәуір |
18. |
Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
19. |
Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
20. |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), БҒМ |
2012 жылғы сәуір |
21. |
Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), Қоршағанортаминi, БҒМ |
2012 жылғы сәуір |
22. |
Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), БҒМ |
2012 жылғы қараша |
23. |
Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтiк қаруды қолдану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
24. |
Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
25. |
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы қараша |
26. |
Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы қараша |
27. |
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы қараша |
28. |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсiрудi дамыту үшiн пайдалану қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
29. |
Әкімшілік органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), БҒМ |
2012 жылғы сәуір |
30. |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құнды объектiлерге жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
31. |
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
32. |
«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
33. |
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ (жинақтау), БҒМ |
2012 жылғы сәуір |
34. |
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын қорғау аумағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
35. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
36. |
Орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
37. |
Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
38. |
Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
39. |
Орман тұқымдарын аудандастыруды бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
40. |
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
41. |
Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ, БҒМ |
2012 жылғы сәуір |
42. |
Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
43. |
Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
44. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін бекiту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
45. |
Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы қараша |
46. |
Аншлагтарының үлгiлерiн және аңшылық шаруашылықтар, өсiмiн молайту учаскелерi мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшiн тыйым салынған мерзiмдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсiпшiлiк журналдың) нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
47. |
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құрметтi атақтар, төс белгiлерiн және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
48. |
Қорықшының төс белгiсiнiң және айыру белгiсi бар арнайы киiмiнiң нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
49. |
Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
50. |
Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
51. |
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерiн есепке алуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
52. |
Аңшылық минимумды бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
53. |
Аңшы куәлiгiн беру жөнiндегi есептiлiктiң нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
54. |
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлерi енгiзiлген жануарларды жасанды өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк органда тiркеу қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
55. |
Су қоймаларына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
56. |
Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
57. |
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айыру белгілері бар (погондарсыз) тізбесін бекiту туралы нысандық киімді киюге құқығы бар қызметкерлерінің |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
58. |
Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
59. |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібінің қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
60. |
Айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
61. |
Ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
62. |
Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
63. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
64. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2012 жылғы сәуір |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
ЖРА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
IIМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi