Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында:
1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) мынадай құрамда құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің орынбасары
Маңғыстау облысының әкімі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«ҚазМұнайГаз» барлау және өндіру» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Миинстрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
2. Жұмыс тобы Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жоспарлар мен іс-шаралардың орындалу тиімділігіне талдау жүргізсін, қажет болғанда оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешендi жоспарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1550 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
Премьер-Министр К. Мәсімов