1. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 114-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 17-жолдың 5-бағанындағы «2010 жылғы тамыз» деген сөздер «2011 жылғы желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов