Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө өкiмiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 266-ө өкiмi. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.23. N 135 өкімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi  Заңы  8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 357-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
      10-тармақтың 31) тармақшасы "есеп және есеп беру нысандарын," деген сөздерден кейiн "ветеринария саласындағы кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргiзу ережесiн," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі