Бұрынғы Семей ядролық полигонының және Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.23. N 135 өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1324 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен қазақстан-қытай комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
      Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, өкіл
      Литвинов Михаил Константинович - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, өкілдің орынбасары;
      мынадай:
      "Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, өкілі"
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы, өкілдің орынбасары";
      көрсетілген құрамнан Айдаров Наурыз Ғұбайдоллаұлы, Ахметов Серік Қабдуәліұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі