Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың штат санының лимитін қысқарту есебінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті 15 бірлікке арттырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы қаулының 1-тармағына сәйкес қысқартылатын мемлекеттік органдардың штат санының лимитін ұстауға көзделген қаражатты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері"
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592
қаулысына:
3-тармақтың екінші абзацындағы "237" деген сан "252" деген санмен
ауыстырылсын;
2)
ЕСКЕРТУ. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09.
N 214 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 30 қарашадағы
N 1815 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 21 қыркүйектегі
N 1433 қаулысымен
бекітілген
1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін
министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар
қызметкерлерінің штат санының лимиттері
_________________________________________________________________
N Атауы штат санының лимиті
_________________________________________________________________
1 2 3
_________________________________________________________________
4 ! !Қазақстан Республикасының Әділет 281
!министрлігі
!оның ішінде:
1) Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитет 30
2) Тіркеу қызметі комитеті 30
3) Авторлық құқықтар жөніндегі комитет 20
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 30 қарашадағы
N 1815 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 21 қыркүйектегі
N 1433 қаулысымен
3-қосымша
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін
министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар
қызметкерлерінің штат санының лимиттері
_________________________________________________________________
N Атауы штат санының лимиті
_________________________________________________________________
1 2 3
_________________________________________________________________
4 ! !Қазақстан Республикасының Әділет 287
!министрлігі
!оның ішінде:
1) Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитет 30
2) Тіркеу қызметі комитеті 30
3) Авторлық құқықтар жөніндегі комитет 20
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.