Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 861 және 1999 жылғы 9 тамыздағы N 1118 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қыркүйек N 1384

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы облысының әкімі мен "Шен Тон-Қазақстан" қазақстан-неміс бірлескен кәсіпорнының Алматы облысында модульдік үлгідегі фармацевтика зауытының құрылысын салу туралы бастамашылығы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Алматы облысының әкімімен және "Шен Тон-Қазақстан" БК-мен келісім бойынша дәрі-дәрмектердің номенклатурасын әзірлесін және өндіріске ұсынылатын көлемін айқындасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Қасымбеков Б.